“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚМИУ –де Президенттік олимпиада болып өтті

Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде, біздің еліміздің мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында табиғи -математикалық цик курс пәні –бойынша жыл сайын өткізілетін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 13-16 қараша аралығында , XI Президенттік олимпиада өткізілді. Дәстүрлі түрде бұл олимпиада соңғы 9 жыл бойы Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың Альма-матер университетінде өтеді.

Президенттің серіктестері және құрметті қонақтардың қатысуымен 13 қарашада олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті .

Жыл сайын өтетін олимпиаданың алға қойған негізгі басты мақсаты мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дарынды, интелектуалды зиялы Қазақстан мектеп оқушыларының патриоттық рухын көтеріп табиғи-матиматикалық ғылымдарды тереңірек зерттеп, оқуға арналған.

Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:

1) Орта білім беру ұйымдарының студенттері арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен дарынды студенттерді анықтау үшін оңтайлы жағдайлар жасау және олардың интеллектуалды дамуы мен кәсіпқойлығы бағдарлау;

2) Табиғи математикалық бағыттағы пәндерді оқып-үйренуге студенттердің қызығушылығын арттыру теориялық білім мен дағдыларды тереңдету;

3) Жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі дамытуға жәрдемдесу.

Президенттік олимпиада жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең – өңірлік – 1 қарашаға дейін;

2) екінші кезең – іріктеу кезеңі 2 турда өткізіледі:

1 тур – қашықтықта – жыл сайын 15 қарашаға дейін;

2 тур – шығармашылық, эссе жазу (1 беттен кем емес,45 минут)

– қашықтықта;

3) үшінші кезең(қорытынды) кезең – республикалық

Барлығы аймақтық кезеңге 2461 бітірушілер қатысып, 1427

мектеп ( оның 557 мамандандырылған, 602 ауылдық мектептер). Оның ішінде қазақ тілді оқыту – 1511.

1 турдың қорытындысы бойынша, келесі кезеңге 407

оқушы жіберілді , 294 жалпы білім беретін мектептер оның ішінде (211 мамандандырылған, 80 ауылдық мектептер). Оның ішінде қазақ тілінде оқыту – 213.

Президенттік олимпиаданың финалға қатысқан барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етіледі сонымен қатар жеңімпаздар мен жүлдегерлері ҚР БҒМ дипломдарымен марапатталады.

Барлық қатысушыларға үлкен табыстар мен жеңіс тілейміз!

Баспасөз қызметі ҚМИУ

14.11.2018, 17:39:01, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар, Олимпиады

ҚМИУ «ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЖӘНЕ ОРФОГРАФИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

 

Осы іс-шараны «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде ҚМИУ «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасымен бірге Теміртау қ. «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімі ұйымдастырды.

Семинарға мемлекеттік тілде оқитын әртүрлі курстардан 50 астам студенттер қатысты.

Іс-шара мақсаты – жаңа латын әліпбінің ережелерін түсіндіру. Теміртау қ. Тілдерді дамыту жөніндегі орталықтың маманы М.Б. Ахметжанова студенттерге латын әліпбіне ауысуға байланысты қазақ тілінің негізгі грамматикалық ережелерін түсіндірді. Осыдан кейін студенттер топқа бөлініп бірнеше тапсырмаларды орындады, осы тапсырмаларды талқылау барысында студенттер қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді.

Семинар материалдарын латын әліпбиі бойынша диктант жазу кезінде көмекші құрал ретінде қолдануға болады.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

09.11.2018, 16:39:20, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КОНУРСЫНЫҢ ЖЕҢІЛПАЗДАРЫ АТАНДЫ

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы жаратылыс, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша жыл сайынғы Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында ҚМИУ студенттері А.В. Зимовец және Т.Т. Зияда 1 және 2 орынды жеңіп алды.

ТМжЖ-14 тобының студенті Александр Владимирович Зимовец «Таптау біліктерінің көпшіктерінің кернеулі-деформацияланған (КДК) күйін моделдеу және жұмыс жағдайын талдау» тақырыбына арналған үздік ғылыми зерттеу жұмысы үшін І дәрежелі дипломмен  марапатталды, ғылыми жетекшісі т.ғ.к., Қайрош Әбілұлы  Ноғаев. ТҚжҚОҚ-16қ тобының студенті Тілеулес Таңатқызы Зияда, «Өрттің шығу себептеріне тәуелді өртқауіпсіздігі шараларын бағалау» тақырыбына арналған үздік ғылыми зерттеу жұмысы үшін ІІ дәрежелі дипломмен  марапатталды, ғылыми жетекшісі м.ғ.д., профессор Ізтілеу Аманжолұлы Аманжол.

ҒЗЖ Республикалық конкурсы 3 кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең – жоғары оқу орындарының ішінде;

2) екінші кезең – базалық жоғары оқу орындарында (ОӘК);

3) үшінші (қортынды) кезең – республикалық.

СҒЗЖ конкурсының негізгі мақсаттары және міндеттері:

1) студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымды әрекеттерін ынталандыру;

2) талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;

3) Қазақстан Республикасының зияткерлі әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсына ҚМИУ 20  студенті қатысты.

Біздің студенттерді жарқын және лайықты жеңістерімен құттықтаймыз, әрі қарай олардың ғылыми қызметтеріне табыс тілейміз!

ҚМИУ баспасөз қызметі

09.11.2018, 14:36:29, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ ПОҚ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРІ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫНҮЙҚҰРЫЛЫСЖИНАҚ БАНКІ» АҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

2018 жылы 8 қараша күні ҚМИУ студенттері және қызметкерлері үшін “Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» АҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды, осы кездесу аясында «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үйді несиеге алу туралы толық ақпарат және салымшылардың кірістік қаржыларын жинақтауға арналған «Отбасылық топтама» банк жобасы көпшілік назарына ұсынылды.

“Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» АҚ еліміздегі тұрмыстық құрылыс қаржысын жинақтау жүйесін жүзеге асыратын жалғыз банк. “Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» АҚ жүйесі тұрмыстық құрылыс депозиттерін және салымшыларға тұрмыстық қарыз беру үшін салымшылардың қаржысын тарту арқылы халыққа тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған жүйені ұсынады. «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» АҚ негізгі міндеті қазақстандық отбасыларының жекеменшік тұрғын үймен қамтамасыздандыру және Отанға деген құрметті нығайту. Сондықтан осы кездесуді өткізудегі мақсат халықты қолжетімді тұрғын үй жайлы ақпаратпен таныстыру, оның ішінде жас отбасыларына көмек көрсету.

Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтті.

Кездесу соңында банк қызметкерлері кездесуге қатысушылардың тұрғын үйді сатып алуға берілетін несиеге қажетті құжаттар тәртібі және мемлекеттік бағдарламаға қатысу шарттарына қатысты көптеген сұрақтарына жауап берді.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

09.11.2018, 10:53:09, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ студенттері үшін отбасылық өмір және салауатты өмір салты негіздері бойынша семинар-тренингтер өткізілді

2018 жылдың 6-7 қарашасы аралығында ҚММУ үшінші және төртінші курс студенттері, 20 жастан бастап “Жас отбасы мектебі”аясында семинар-тренингтерге қатысты.

Семинардың басты мақсаты: жас отбасылар арасында ажырасудың алдын алу және жас отбасы институтын нығайту. Іс – шараға қатысушылар – еркін, қарым-қатынаста жүрген немесе некеде тұрған, не жақын арада осы қадам жасауды жоспарлап отырған жас жігіттер мен қыздар-олар үшін қақтығыстарды шешу және отбасындағы қарым-қатынас мәселелерін шешу дағдысы қоғамның бақытты ұяшығын құру үшін ең маңызды болып табылады. Тренингтің тренерлері мен спикерлері кәсіби коучинг-тренерлер, тәжірибеші психологтар мен отбасылық кеңесшілер болды. Осы семинарлардың нәтижесі студент жастарда маңызды өмірлік құндылықтар контекстінде отбасының басымдығын қалыптастыру, ата-ана мен ерлі-зайыптылыққа жауапты қарым-қатынасты тәрбиелеу, Мықты отбасылық қарым-қатынас жасауға өз үлесінің маңыздылығын сезіну, ортақ тіл таба білу және жанжалдарды конструктивті шеше білу болуы тиіс. Семинарға қатысушылардың сабақтарында досын түсінуге, әріптесіні тыңдауға және естуге, сондай-ақ ерлер мен әйелдердің психологиялық айырмашылықтарын және т.б. зерттеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай заттарды жасөспірімдер жастарынан үйрену керек, өйткені мінез-құлқындағы қарапайым гендерлік айырмашылықтарды түсініп, болашақ отбасы өміріндегі жанжалдар мен ұрыс-керістердің алдын алуға болады. Семинарға қатысушылар іс-шаралардың өзектілігі мен пайдалылығын атап өтті, өздері үшін көптеген қызықты жайттарды ашты және болашақ жас отбасылық өмірлерінде пайдалануға болатындығын түсініп, көптеген жағдайлардың алдын алуға болатынын мұқияттап естеріне сақтап алды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

Пресс-служба КГИУ

09.11.2018, 10:49:26, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар