Халықаралық білім көрмесі International Education Fair-2019
5 қазан күні Нұр-сұлтан қаласында International Education Fair-2019 халықаралық білім көрмесі өтті. Аталған іс-шараның мақсаты әлемдік білім беру кеңістігіне одан әрі интеграциялана отырып, білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың перспективаларын кеңейту, шетелдік білім беруді танымал ету, сондай-ақ халықаралық білім беру жобаларын іске асыру саласында тәжірибе алмасу болып табылады.
Іс-шараға әлемнің 50 елінен 300-ден астам университеттер қатысты, олардың ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Құрлықтық Еуропа, Азия және ТМД елдерінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары. Сонымен қатар, көрме жұмысына тіл мектептері, білім беру агенттіктері, халықаралық стипендиялық бағдарламалар өкілдері қатысты. Біздің университет атынан іс-шараға ҚМИУ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Айкеева Алтын Аманжолқызы қатысты.
Көрмеге келушілер шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларымен танысуға бірегей мүмкіндік алды. Бүгінгі таңда қазақстандықтар үшін білім гранттарын екі жүзге жуық еуропалық университет бөледі. Шетелде тегін оқу мүмкіндігі 20 мың отандасымызда бар. Тек қазіргі уақытта ғана шетелдік ЖОО-да 150 мыңға жуық қазақстандық білім алуда. International Education Fair – 2019 халықаралық білім беру көрмесі сияқты ауқымды іс-шараны өткізудің арқасында студенттер саны келесі жылға қарай да 4 жүздей арта алады.
ҚМИУ баспасөз қызметі