Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...
Архив:Тарау таңдап алу: Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу → ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІРІНШІ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВ МЕТАЛЛУРГЕР МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Нұрсұлтан Әбішұлы металлургтер – батыл мамандық иелері, еңбекқор және өздерінің құрметті және қиын жұмыстарына адал адамдар екенін атап өтті.
«Мен өзім домна пештерінде жұмыс жасауды үйрендім және тәжірибе жинақтадым. Мен ынтымақтастықтың, өзара көмек пен шынайы достықтың бағасын білдім. Металлургия өнеркәсібі – бұл мыңдаған жоғары білікті мамандар мен басқарушылар жұмыс істейтін Қазақстан индустриясының флагманының бірі. Олардың еңбекқорлығы мен жоғары шеберлігі еліміздің экономикалық әл-ауқатының берік негіздерінің бірі болып табылады. Сіздер Қазақстанның игілігі жолындағы жұмысыңызда жаңа кәсіби биіктерге жете беретіндеріңізге сенімдімін. Сізге мықты денсаулық, сәттілік пен өркендеу тілеймін », – деді Елбасы металлургтерге. Қазақстанда металлургтер күні шілде айының үшінші жексенбісінде аталып өтіледі. ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫН ТОЛЫҚТЫРУ ҮШІН КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Біліктілік талабы: Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің бос лауазымдарын конкурстық түрде толықтыру ережелеріне сәйкес. Құжаттарды тапсыру және жіберу мекенжайы: 101400, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30 Адами ресурстар департаменті (№ 221 кабинет). Телефон: 8 (7213) 91-02-40. Қарағанды индустриялық университеті жоғары білікті мамандарды қызметтік пәтерлермен қамтамасыз етеді. Конкурсқа өтініш берудің соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай. ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВТЫ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫБіздің университеттің тарихы 1962 жылы ақпанда Қазақстан комсомолының X съезінде жастар көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «… Теміртаудың комсомолдары мен жастары өз қалаларында ЖТОО құрылысын салуды көптен бері армандаған еді …» деген сөзімен тығыз байланысты. Ал 1963 жылы біздің қаламызда жоғары оқу орны ашылды, ал 1967 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы біздің ЖТОО-зауыттың «металлург инженері» мамандығы бойынша «өте жақсы» деген бағамен дипломдық жобасын қорғады. ҚИУ оқытушылары мен студенттері әрдайым біздің тамаша түлектің қолдауын сезінеді. 2001 жылы, ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай, ҚИУ жаңа оқу-зертханалық ғимараты ашылды, ол Елбасының өзінің туған Алма Матеріне жасаған сыйлығы болды. Біздің Елбасымыздың сөздері біз үшін қымбат, 1967 жылғы түлектердің 50 жылдығына арналған ІХ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушыларына жолдаған үндеуінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мен ерекше мақтаныш сезімімен әрқашан есіме аламын, ЖТОО деп аталатын осы университетті бітірген соң, басқа түлектер арасында менде өндіріске жолдама алдым», – деді ол өз сөзінде. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы бітірген университетте білім алып жатқандықтары біздің университет студенттері үшін үлкен мақтаныш.
#ELBASYMENBIRGE |