“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Наурыз – бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі

Жарқын және көңілді Наурыз мейрамы – ҚМИУ басшылығының, оқытушылар мен студенттердің мейірімді дәстүрі. Биылғы жылдың 22 наурызында «Металлург» стадионының алдындағы алаңда университеттің өкілдері құрған киіз үйде Теміртауда тұратын этностардың құрастырған шығармашылығы ұсынылды.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесі өз жұмысын жүргізеді, мерекеде құрылған киіз үй Теміртау қаласының этномәдени бірлестіктерінің салт-дәстүрлерін насихаттауға бағытталған. Кіреберісте қонақтарды этномәдени орталықтардың өкілдері және ҚМИУ профессорлары ұлттық киімде қарсы алды.

Бұл күні киіз үйде қолданбалы шығармашылық заттардың көрме-жәрмеңкесі болды, онда  киізден және теріден жасалған бұйымдар, қолдан жасалған сабын, фетрден және тұзды қамырдан жасалған кәдесыйлар, сондай-ақ әдемі қиық көрпешелер, шебер қолөнершілердің қолымен дайындалған сәукеле және той көйлектері ұсынылды. Бұдан басқа, қаланың этномәдени бірлестіктері өздерінің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстырды, қала тұрғындарын өздерінің ұлттық тағамдарымен тамақтандырды. Домбырада күй тарту мен шашу әдет-ғұрыпсыз өтпеді.

Қонақтар ежелгі түркі әдет-ғұрыптарының бірі – сәттілік үшін түйіндер тоқу бойынша шебер-сыныбынан өтті. Бұл шеберлікті меңгергендер қатарында Теміртау қ. басшысы Г.А.Әшімовте болды. Бұдан басқа, қала тұрғындарына киізден құрғақ майлау бойынша шебер-сыныбы берілді.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Құрметті бітіруші түлектер!

Құрметті бітіруші түлектер!

Сіздерді Қарағанды мемлекеттік  индустриялық университеті

2018 жылдың 20 сәуірінде сағат 10:00 да болатын «Түлектер жәрмеңкесі – 2018»

 жәрмеңкесіне қатысуға шақырады (ҚМИУ, жаңа ғимарат, акт залы).


Тамаша жеңіс

ҚМИУ жанындағы техникалық-экономикалық колледжінің студенті Базарбекова Венера «Көктем аруы-2018» облыстық байқауында 1 орын алды, ОЗХТ-17 тобының студенті Атакулова Земфира арнайы жүлде мен қатысушы дипломына ие болды.

14 наурызда Кеншілер Мәдениет Сарайының сахнасында Қарағанды облысының  ең әдемі қыз тәжі үшін 12 финалға шыққан қыздар күресті, бұл байқауға біздің университет атынан 2 қыз қатысты: Базарбекова Венера – ҚМИУ жанындағы техникалық-экономикалық колледжінің студенті және Атакулова Земфира –ОЗХТ-17 тобының студенті. 5 наурызда бұл қыздар «ҚМИУ Аруы» атты университеттік байқауда жеңіске жетті.

Конкурс 4 кезеңнен тұрды: визит карточкасы, кешкі көйлектердегі дефиле, «Дарын минуты» шығармашылық сайыс және «Астанаға тарту» үй тапсырмасы, бұл кезеңде қатысушылар әртүрлі техникада орындалған жұмыстарын ұсынды.

Базарбекова Венера қазылар алқасына ерекше сыйлық ұсынды: үкі, ол біздің университеттің 3Д инженерия зертханасында 3Д принтерде өзі орындаған. Барлық дайындау процесі камераға түсірілді, ол кез-келген жалғандыққа жол бермеді. Неліктен үкі? Венера жауап бергендей, дәл үкі даналық пен білімнің символы болып табылады және ол үкіні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Альма-матеріне мыңдаған студенттер ұжымының атынан сыйлауды шешті. Көрермендер мен қазылар алқасын Венераның 3Д принтерде басып шығару техникасын шеберлікпен меңгергені таң қалдырды және оның сыйлығы шапалақ тудырды. Сонымен қатар, ол қазылар алқасына өзінің шығармашылық нөмірін – шеберлікпен орындалған биін ұсынды. Шын мәнінде дарынды адам барлық істе дарынды, сондықтан байқаудағы 1 орынды күтерліктей болды.

Біздің университетіміздің екінші өкілі Атакулова Земфира шығармашылық нөмірімен көрермендер мен жанкүйерлерді керемет таң қалдырды, ол йога ғажайыптары мен ерекше пластиканы көрсетті. Сондай-ақ, оның тірі жыланмен биі, оның өткір пышаққа төтеп берген мықты пресс іші, және сынған әйнекте жатуы қошеметке ие болды. Ол Астананың 20 жылдығына халықтық үлгіде – киізден жасалған аппликацияда біздің Астана  көрінісіндегі суретті сыйлады, сондай-ақ өз қолымен орындалған. Земфираның айтуынша, біздің әжелеріміз осы өнерді сонау өткен заманда игерген, осы халық өнерінің таңғажайып үлгісі ескерусіз ұмытылған.

Біздің студенттердің сөйлеген сөздері жарқын, шығармашылық қасиеттерімен ерекшеленді. Қыздар байқауға дайындық кезінде көмектескен барлық адамдарға: топтастарына, бей-жай қарамайтын достарына, ата-аналарына алғыс айтады, ерекше ризашылықты – қажетті демеушілік қолдау көрсеткен ҚМИУ кәсіподақ студенттеріне алғыс білдіреді.

Біздің сұлуларымызға жанкүйерлер тобы өз үлестерін қосты, оның рөлінде ЭКжБЖ факультет деканының орынбасары Жанабергенова Динара Кеңесқызы басқарған МҚӨТ17қ-4 тобының 1 курс студенттері.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

 

 

 


Бастау берілді!

Ертеден келе жатқан дәстүр-ҚМИУ оқытушылары мен қызметкерлері арасында Спартакиаданы өткізу біраз үзілістен кейін қайта бастауын тапты. 13 наурыз кешке университеттің спорт ғимаратында спорттың төрт түрі – асық,  дартс, үстел теннисі және гир көтеру бойынша жарыстар басталды.   

Төрелікті ҚМИУ-дің дене тәрбиесі секциясының оқытушылары қамтамасыз етеді. 14 наурызда қатысушылар дойбы мен шахматтан жарыс кезінде өз шеберліктерін көрсетеді. Сол күні футбол командалары да алаңда кездеседі. 15 наурыз – Спартакиада бағдарламасында – волейбол және тоғызқұмалақ.

– Жарыс 16 ақпанда аяқталады – қатысушыларды эстафета және арқан тарту күтуде, – дейді жарыстың бас төрешісі Раиса Колесникова. – Сол күні барлық спорт түрлері бойынша жалпы командалық және жеке ұпайларын қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау өтеді.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Университет қызметкерлерін марапаттау

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚМИУ-де университеттің үздік өкілдерін салтанатты марапаттау өтті.

ҚМИУ ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор А. А. Айкеева «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары Адам ресурстары жөніндегі департамент директоры Р. О. Онланбековаға және «Химиялық технология және экология» кафедрасының профессоры Б. Х. Исановаға тапсырылды.

ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен Ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық департаментінің маманы Р.К.Жаслан; Қарағанды облысы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының  Құрмет грамоталарымен  техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер А. Сейсемхан, адам ресурстары жөніндегі департамент инспекторы А. В. Фирсова, «Қазақ, орыс және шет тілдері» кафедрасының оқытушысы Д. Ж.  Ыбырай марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі