“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Каталониядан келген профессор дәріс оқиды

ҚМИУ апта бойы Каталония Политехникалық университетінің профессоры Жорди Касадемон дәріс оқиды.

Профессор Касадемон университетке 29 сәуір күні «Эразмус+» бағдарламасы шеңберінде дәріс оқу үшін келді. Ол «Сымсыз желістер» бағыты бойынша дәріс оқиды, бұл Испанияда телекоммуникациялық инженерия деп аталады.

– Сіздің университеттің көптеген студенттері осы курсқа деген қызғушылықтарын білдірді, процестің маңыздылығын түсініп оның мәнін ұғынуға ұмтылады – дейді профессор. – ағылшын тілін игеру дәрежесі қандай екенін маған бағалау қиын. Бірақта мен дәріс арасында студенттермен әңгімелестім, олардың ағылшын тілін игеру деңгейі жақсы екенін байқадым.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Қазақстан халқының бірлігі

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің басшылары, қызметкерлері және студенттері Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шеруге қатысты. Салтанатты безендірілген шеру шарасына  университеттің профессорлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылары, оқу үздіктері және белсенді студенттері ат салысты.

1 мамыр мерекелік шеруіне Теміртау қаласының әртүрлі ұйымдары өкілдерінен құрылған колонна екі жақтан – «Экспресс» іскерлік орталығы және «Steel» қонақ үйінен бір-біріне қарама қарсы қозғалыспен «Восток» демалыс саябағы алдында кездесті. Осы жерде салтанатты митинг өткізілді, қала әкімі Ғ. Әшімов, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры В. Басин, қалалық маслихат  депутаты Ф. Курбанов жиналған халықты мерекемен құттықтады. Барлық сөз сөйлеушілер халықтар арасындағы достықты, ынтымақтастықты және татуластықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті, қала тұрғындарына денсаулық, бейбіт аспан, әрбір теміртаулық отбасына бақыт тіледі.

Мерекелік бағдарлама демалыс саябағында жалғасты, бұл жерде бірнеше концерттік алаң ұйымдастырылды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


“Қазақстанның жоғары мектебі”, №1/2018 (21) журналында жарияланған

 

 

 

 

 

 


«Үздік студент 2018 жыл»

ҚМИУ екі өкілінің «Үздік студент» республикалық жоба шеңберінде «Жас Қыран» студенттік кітапша жиынтығының бірінші санында суреттері жарияланды. Ұйымдастырушы «Келісім көпірі» қоғамдық қоры

Кітапқа өтінім «Ғылым», «Өнер» «Спорт» бағыттары бойынша табысты студенттерден, сонымен қатар студенттік ұйымдар төрағаларынан және белсенді студенттерден қабылданды. Кітапта «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық, өңірлік олимпиада және конференциялар лауреаттары, қоғамдық жастар қозғалысының көшбасшылары және белсенділері, Қазақстанның Ұлттық құрамасының мүшелері, Олимпияда ойындары, халықаралық және спорт жарыстарының жеңілпаздарының есімдері жазылған.

ҚМИУ атынан бірнеше студент өздерінің өтінімдерін жіберді. Қортындысында «Жас Қыран» кітапбына екі болашақ экономистер – Татьяна Силаева және Айтадж Зиядованың есімдері жазылды. Олар оқу озаттары, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.

– Байқауға қатысу үшін өзімнің өмірбаяным және фотосуреттімді, сонымен бірге қоғамдық жұмыстар бойынша алған дипломдар мен алғыс хаттар көшірмесін жібердім – дейді Айтадж Зиядова. – Құжаттар үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданды.

27 сәуір күні қыздар Қазақстанның әртүрлі жоғарғы оқу орындарының студенттерімен бірге  Астана қаласында «Тiлеп қобыз сарайы» конференц-залы кешенінде өткен салтанатты марапаттау шарасына қатысты. Әрбір қатысушыға «Жас Кыран» кітабы, «Үздік студент 2018 жыл» арнайы белгісі және арнайы куәлігі тапсырылды.

– Бізге берілген кітапқа Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры Жандарбек Малібекұлының қолтаңбасы қойылған – дейді Татьяна Силаева.

Іс-шара қатысушыларына арналған, концерттік бағдарлама, үздік студенттердің ұжымды  фототүсірілімі, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

 


Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде латын графикасын қолданумен дағдылану диктанты өткізілді

Барлық тілек білдірушілер Қарағанды облысында бірінші рет өткізілген дағдылану диктантына қатысты. 27 сәуір күні университеттің үлкен дәрісханааларының бірінде жаңа шрифті қолдану бойынша білімдерін тексеруге арналған әртүрлі жастағы, әртүрлі ұлт өкілдері және шамамен үш жүз адам қатысқан іс-шара өткізілді.

Диктант «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасының бастамасымен және Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің (ҚМИУ) басшылығының қолдауымен «Рухани жаңғыру: латын әліпбиіне көшу» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың мақсаты –  теміртаулықтарға латын графикасына көшу қиын еместігін және оның қолайлығын түсіндіру. Бұл үлгілік диктант жазу іс-шарасы жаңа шрифтке көңіл аудару үшін ұйымдастырылды. Іс-шара алдында барлық қатысушыларға латын әріптері жазылған жаңа қазақ шрифтері жазылған парақтар таратылды.

Қалалық мектептер және колледждер, әртүрлі ұйымдар өкілдері, соынмен қатар ҚМИУ студенттері, қызметкерлері, оқытушылары – барлығы жаңа іс-шараның алдында біртүрлі қобалжу сезімінде болды. Диктантты жазу алдында қатысушылар бірқатар жазылу, айтылу, оқылу дағдысына қатысты  жаттығуларды жасады. Осы жаттығуларға белсене қатысқан қатысушылар тәтті сыйлықтар алды. Содан кейін ҚМИУ жоспарланған іс-шараны өткізу басталды.

Диктант мәтіні ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласындағы түйінді сөздер қолданылды.

Біздің университет – бұл Бірінші Презаиденттің Альма-матері – дейді ҚМИУ ректоры Бахыт Жаутиков. – біз барлық бастамаларды, оның ішінде қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуін толығымен қолдаймыз. Біз үшін өте маңызды, өйткені студенттер әлемдік білімдік кеңестікке шығуға, кез келген елде және кез келген жағдайға бейімделуге дайын болу керек. Бұл бастама өзекті және дер кезінде жүзеге асырылып жатыр және барлығына пайдалы.

Дағдылану диктантына қатысушылардың бірі «Құрылыс» кафедрасының оқытушысы Анастасия Мезенцева.

– Бұл мен үшін маңызды. Жаһандық, біздің елімізде болып жатқан  өзгерістерге қатысқым келеді, сондықтан латын графикасын қолданумен қазақ тілінде диктант жазуға қатысамын – дейді ол. – Уақыт жақындаған сайын толқу үстіндемін, бірақта диктантты аяғына дейін жазып шығамын деп өзіме сенімдімін.

Диктант мәтіні 115 сөзден құралған. Диктантты «Қазақ, орыс және шетел тілдер»» кафедрасының аға оқытушысы Жания Капашева оқыды. Барлық қатысушылар диктантты бірдей жазбады, бірақта бұл «бірінші үлгілік сынақ» сондықтан әлі әрі қарай машықтануды қажет етеді.

– Маған қосымша латын белгілерін қолдану және «ц» әрпін жазу қиындық тудырды. Білмеймін қалай жазғанымды, бірақта бұл жағдайда «т» және «с» әріптерін жаздым – деді Анастасия Мезенцева. – Сонымен қатар мен «ю» және «я» әріптерін қалай жазу керектігін білмедім, сондықтан «й» және «у» сонымен бірге «й» және «а» әріптерін жаздым.

Ұйымдастырушылар хабарлағанындай, диктант нәтижелері әрі қарай тілдер жөніндегі комиссияға ұсыныс және қортындылар жазу барысында пайдаланылады.

– Бұл атқарылған жұмыс үлкен резонанс тудырады және біздің елімізге үлкен пайда әкеледі – дейді Бахыт Жаутиков. – Егер де осындай іс-шаралар көптеп ұйымдастырылған жағдайда латын графикасына көшу жеңіл болады. Бұл осындай бағыттағы соңғы іс-шара емес – күзде барлық Қарағанды облысының тұрғындарын тартумен екінші диктантты жазуға арналған іс-шараны тағы да ұйымдастырмыз деген жоспар бар. Сонымен  қатар болашақта қазақ тілінің латын графикасын үйретуге арналған курстарда ұйымдастырылуы мүмкін – барлығы сұранысқа байланысты.

Диктант қортындыларын ұйымдастырушылар 1 мамыр мерекесінен кейін жариялайды. Жұмыстарды ҚМИУ жетекші филология мамандарды және қала оқытушылары  тексереді, сонымен қатар мониторингті жүзеге асыратын топ құрылды, бұл топ әрбір әріпті мұқият тексереді. Үздік жұмыстар ескерткіш сыйлықтар және грамоталармен марапатталады.

ҚМИУ баспасөз қызметі