Жүгіру жарысы Қарағанды қ. 20 мамыр күні өткізілді және кеңауқымды жалпы халықтық сипатты мереке болды.
Тәуелсіздік алаңында жүгіру жарысына әртүрлі қашықтық бойынша көптеген қатысушылар қатысты, фитнес-орталықтардың нұсқаушылары жанкүйерлермен жаттығулар өткізді, жекпе-жек түрлері бойынша спорт мектебінің оқушылары өздерінің шеберліктерін көрсетті. Бұл тек ғана спорттық іс-шара ғана емес, сонымен бірге мәдени іс-шара болды, онда шығармашылық ұжымдар өздерінің өнерлерін паш етті.
Жарысты Қарағанды облысының әкімі Ерлан Кошанов ашты. Әрбір қатысушы өзіне қандай қашықтықта жүгіретінін таңдады, сонымен бірге бірнеше қашықтыққа жүгіру ұсынылды: «Спутник» – 7 км, «Достық» – 14 км, жартылай марафон «Арманға жол» – 21 км 97,5 м, «Балапан» (8-14 жастағы бабалар үшін) – 2 км.
«Арманға жол-2018» трассасы Халықаралық марафондар және жүгіру Қауымдастығының сертификатын алды. Жартылай марафонға қатысушыларды тіркеу qazrun.kz и flakar.kz сайтында жүзеге асырылды, қортындысы бойынша 5 000 астам қатысушы тіркелді. Жүгірушілер арасында – Қазақстанның барлық өңірлерінен, сонымен бірге Украина, Қырғызстан және Белоруссия елдерінің өкілдері де қатысты.
Жартылай марафонның бас жүлдесі жарты миллион теңге – ерлер арасында оны белоруссиялық кәсіби спортшы Владислав Прямов, трасса рекордты – 1 сағат 6 минутты орнатумен ұтып алды. Әйелдер арасында халықаралық деңгейдегі спорт шебері Қырғызстанның өкілі Виктория Полюдина жеңілпаз атады.
– Тиімді еңбек қызметі және жемісті оқу, салауатты өмір салты бір-бірінен ажырамайтын ұғым. Біздің студенттерде спорттық іс-шараларға белсенді қатысады, олардың өмірлерінде спорт ерекше орын алады – дейді ҚМИУ денешынықтыру секциясының оқытушысы Раиса Колесникова. – Біздің студенттер жартылай марафонға белсене қатысты. Олардың көбі 7 км қашықтықты таңдады, ал Әділбек Кұрақбаев 14 км қашықтыққа жүгірді. Еркебұлан Сайлаубеков 21 км қашықтыққа жүгіруге қатысты, бұл қашықтықтарға жүгіруге кәсіби спортшылар қатысты, бірақта бұл үлкен жауапкершілік, олар кәсіби спортшылармен тең дәрежеде қашықтықты жүгіріп өтті.
Жарыс қортындысында барлық межеге жеткен қатысушыларға естілік сыйлықтар және сертификаттар тапсырылды. Қатысушылар үлкен әсер және жақсы көңіл күйге ие болды.
– Мен үшін спортпен жүйелі айналыспайтын адам ретінде 7 км қашықтыққа жүгіру үлкен еңбекті қажет етті. Марафонның өзі бір сынақ болды, енді спортпен жүйелі түрде айналысамын – дейді «МҚӨТ-17» тобының студенті Кирилл Малов. – Маған басқа қатысушылармен бәсекелестікке түсу қызық болды, енді келесі жылы өтетін марафонға тыңғылықты дайындаламын.
ҚМИУ баспасөз қызметі