“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


КЕНШІЛЕР КҮНІМЕН!

Сіздерді ең маңызды кәсіби мереке – Кеншілер Күнімен құттықтаймыз! Көмір өнеркәсібі-Қарағанды облысы үшін стратегиялық сала. Күн сайын күрделі өндірістік жағдайларда мыңдаған шахтерлер жаңа тонна көмірді тауға беру үшін жұмыс ауысымдарына шығады. Бұл еңбек ең жоғары дәрежелі Алғыс, мойындау мен құрметке лайық. Кәсіби мерекеде сіздердің ұжымыңызға мықты денсаулық, табысты жобалар, даму мен өркендеу, ұйымшылдық пен жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу тілейміз.

24.08.2019, 19:05:53, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚТжӘГП кафедрасының аға оқытушысы Колесникова Раиса Касымовна Теміртау қаласы әкімінің төс алтын белгісімен марапатталды

21 тамызда облыс әкімдігінде Қазақстан Республикасының спорт күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті. Бұл күні қалада спортты дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін бірқатар спорт саласының өкілдері әкімнің алғыс хаттарына, Құрмет грамоталарына және алтын белгілеріне ие болды.

ҚТжӘГП кафедрасының аға оқытушысы Раиса Қасымқызы Колесникова Теміртау қаласы әкімінің Алтын белгісімен марапатталды. Мұндай жоғары құрметке тек 3 теміртаулықтар ие болды.

Спортты дамытудың басты міндеті белгілі бір жеңістерге қол жеткізумен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдағы бірқатар мақсаттарды да қамтиды: бұл ұлттың адамгершілік және физикалық денсаулығын нығайту, біздің жастардың салауатты өмір салтының принциптерін дарыту. Раиса Қасымқызы жылдан жылға спорттың дамуына үлкен үлес қосып келеді.

Шын жүректен Раиса Қасымқызы лайықты марапатпен құттықтаймыз!

 ҚМИУ баспасөз қызметі

22.08.2019, 12:36:31, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Тамыз конференциясы: «Келешекке – кемел біліммен!»

16 тамызда Тәуелсіздік Сарайында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жыл сайынғы білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясы өтті. Жыл Тақырыбы – ” Келешекке-кемел біліммен!”.

Жиын барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Білім және ғылым министрлігіне бірқатар тапсырмалар жүктеп, үштілді оқыту жүйесін енгізу үдерісін қайта қарауды тапсырды. Шын мәнінде, аталған мәселе оқытушылар мен білім беру бағдарламаларының дайындығын ескере отырып, жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жаңа буынды тәрбиелеудегі мұғалімдердің рөлін атап өтті.

– Еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеу – педагогтардың және ата-аналардың міндеті. Лайықты азамат – бұл өз білімін Отанымыздың игілігі үшін жұмсайтын адам. Алдымызда тұрған құбылмалы заманда жастарымыз еңбекқор болмаса, ешқандай бәсекеге түсе алмайтынын терең түсінуі керек, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, білім және ғылым саласының дамуына тың әрі тегеурінді серпін қажет.

– Білім сапасын көтеру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Бұл, алдымен, мұғалімдердің біліктілігіне, оқулықтардың сапасына, заман талабына сай инфрақұрылым мен материалдық қорға байланысты мәселелер. Аталған бағыттар бойынша тиімді жұмыс істеу қажет, яғни туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын ұсыну керек, – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңа оқу жылындағы басты жаңалық – «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы және 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын бекіту. Білім мен ғылымды дамытудың алдағы бес жылға арналған бағыты – қолданыстағы мемлекеттік бағдарлама аясында білім деңгейлерінің мазмұнын жаңарту, сонымен қатар, мұғалімдердің әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды дамыту, білім саласын цифрландыру, жекеменшік секторды тарту, ғылымдағы бизнестің рөлін арттыру бойынша атқарылған ауқымды істердің сапалы жалғасын қамтамасыз ету болып табылады.

ҚМИУ баспасөз қызметі

20.08.2019, 17:52:21, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ ТҮЛЕГІ АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЕРЛАН ҚОШАНОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 28-ШІ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

.

20.07.2019, 11:23:07, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ кітапханасындағы әлемдік бестселлер

ҚМИУ кітапханасына Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша “Жаңа гуманитарлық білім.100 жаңа оқулық” жоба щеңберінде әлемдік бестселлерлердің 30 атауы келіп түсті.

“Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық” әлеуметтік-гуманитарлық салада бәсекеге қабілетті, білікті кадрларды даярлауға, гуманитарлық білімнің үздік әлемдік үлгілерін зерделеуге бағытталған жаһандық зерттеу жұмысы ретінде ұсынылады. Жаңа оқулықтар дүние жүзі тарихы, Әдебиет теориясы, туысаралық құқық, педагогика, интернет-психология, Стратегиялық менеджмент, маркетинг, медиа және іскерлік коммуникация, дипломатия және өнертану саласындағы кең ауқымды білімді қамтиды.

18.07.2019, 12:46:14, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар