“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Қарағанды индустриялық университетінде «Адалдық сағаты» атты бірыңғай сағат өткізілді

Студент жастардың бойында патриоттық құндылықтарды, адалдықты, парасаттылықты және ізгілікті қалыптастыру және нығайту мақсатында 2019 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды индустриялық университетінде «Адалдық сағаты» атты бірыңғай сағат өткізілді.

Спикерлер аудиторияға Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын және жалпы елдің сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған жалпы саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі ақпаратты жеткізді, сондай-ақ студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың негізгі ережелерін, олардың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін ашты.

Қарағанды индустриялық университетінің студенттері ҚИУ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі туралы бірауыздан пікір білдіріп, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша өткізілген іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті және қоғамда сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға бағытталған өткізілетін іс-шараларды жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды.

ҚИУ баспасөз қызметі

02.09.2019, 15:15:55, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Білім күнімен құттықтаймыз!

Құрметті профессорлар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер! Сіздерді Білім күнімен құттықтаймыз!

     Білім адам өмірінде үлкен рөл атқарады, ал жоғары білім жарқын, шығармашылық тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі.

     Құрметті бірінші курс студенттері! Сіз еліміздің ең үздік ЖОО-ның, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Альма-матерінің студенттері болдыңыз. Алда қызықты және мазмұнды студенттік өмір! Жақсы оқу тілейміз, біздің университеттің дәстүрлерін жалғастырушы болыңыздар.

     Баршаңызға зор денсаулық, амандық және оптимизм тілейміз. Келе жатқан оқу жылы біз үшін жетістіктер, кәсіби және шығармашылық жеңістер жылы болсын.

02.09.2019, 15:00:53, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІМЕН!

Сіздерді еліміздің ерекше мерекелерінің бірімен құттықтаймыз. 24 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда Негізгі Заң қабылданды, ол тәуелсіздіктің берік іргетасы, табысты даму мен халықаралық беделдің кепілі болды.

Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Конституция әл-ауқаттың, тұрақтылықтың өсуінің қуатты факторына айналды және бізді бірыңғай аумақ пен тарихи бірегейлікпен біріктірілген біртұтас халық ретінде сезінуге көмектесті.

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында біздің еліміз жаңа өзгерістердің табалдырығында тұр. Білім беру, денсаулық сақтау, жыл сайын зейнетақы, стипендия және басқа да әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері өсуде.

Біздің басты құндылықтарымыз – тәуелсіздік, бірлік және тұрақтылық жылдан жылға нығая берсін. Сізге және Сіздің жақындарыңызға денсаулық, бейбітшілік, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына гүлдену мен амандық тілейміз!

30.08.2019, 06:48:10, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІ!

28.08.2019, 16:37:06, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР, СТУДЕНТТЕР, МАГИСТРАНТТАР, ДОКТОРАНТТАР!

28.08.2019, 16:36:06, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар