“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ЖАҢА ОҚУЛЫҚТАР-ЖАҢА ӨМІР!

Бүгін 23 қыркүйекте Қарағанды индустриялық университетінің кітапхана оқу залында студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамы үшін «Жаңа оқулықтар-жаңа өмір» атты ақпарат күні өтті.

Бұл күні барлық курс студенттер мен оқытушылар үшін кітапхана залына экскурсия жүргізіліп, 2021-2022 жыл аралығындағы жаңа келген құнды әдебиеттер туралы қызықты және студентерге арналған қажетті оқу құралдарымен таныстырды.

Мұнда студенттерге керекті кез-келген оқу-әдістемелік және ғылыми бағыттарда жазылған сан алуан оқу құралдары ұсынылды. Барлығы 200 аса кітап атауы, үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

Осы жоба шеңберінде бүгінгі күнде аталған бағыттар бойынша информатика, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология, журналистика және т. б. техникалық мамандықтар негізінде үздік кітаптар сөреге қойылған.

Осы кітапханалық іс-шара ҚарИУ барлық факультеттерінің белгілі бір білім беру бағдарламасының профилі бойынша студенттерді кітапхана ордасында білім алуға, өзіне керекті кітаптің қол жетімді екенін көруге болады.

23.09.2022, 16:53:18, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ҮШІН КӨШПЕЛІ АКТИВ ӨТТІ!

 

🗓9-11 қыркүйек аралығында Қарқаралы ауданында ▫«Жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамыту және қолдау»▫ жобасы аясында Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару органдарының мүшелері үшін көшпелі актив өтті.
🎯Жобаның мақсаты: әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдыларын игеру арқылы жастардың қазіргі қоғам жағдайында өзін-өзі жүзеге асыруға жеке дайындығын қалыптастыру.
Студенттік өзін-өзі басқару – жан-жақты дамыған, шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға, белсенді өмірлік ұстанымға, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті заманауи мамандарды даярлауға бағытталған ЖОО тәрбие жұмысының бір түрі. Іс-шараға студенттік өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, орта мектеп оқушылары, ЖОО және колледж студенттері қатысты.
🔸Іс-шара шеңберінде Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарының оқитын жастары үшін тренингтер, актив қатысушылары үшін оқыту тренингтері, экскурсиялар өткізілді.

🔹Тренингтер барысында: белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы және көшбасшылық қасиеттер мен дағдыларды дамытудағы оқушылар мен жастардың өзін-өзі басқару органдарының рөлі туралы; облыстың ЖОО-да студенттік өзін-өзі басқару органдарының жүргізіп жатқан жұмыстары туралы; волонтерлік қызмет туралы; ЖОО-ның, оның ішінде жатақхананың, жүргізіліп жатқан тәрбие жұмысына қатысу туралы; студент жастардың мәселелерін анықтау және оларды шешуге қатысу туралы; талантты жастарды қолдау және т.б. мәселелер көтерілді.
Іс-шараны өткізу маңызды мәселелерді шешуге және студенттік бастамаларды іске асыруға, студенттердің әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған студенттердің қоғамдық қызметін қолдауға ықпал етеді.
Іс-шара барысында студент жастар бір-бірімен достасып, пікір алмасты. Ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, аталған шараны жыл сайын өткізу тиімді болатынын жеткізді. Шара соңында Қарағанды индустриялық университетінің белседі студенттері Тілеубек Арайлым, Өмірәлі Самат, Күндебай Нұрсезім және Тлеубергенов Қаршыға куәлік табыс етілді.

11.09.2022, 13:25:50, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ СЛЕТІ ӨТТІ!

\    

9 қыркүйекте Теміртау қаласында Шығыс-1 демалыс аймағының базасында мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызметкерлердің слеті өтті.

Слет «Aманат» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалымен бірлесе ұйымдастырылды. Оған қалалар мен аудандардың ЖРО жастармен жұмыс жөніндегі инспекторлары, ЖОО ЖІК басшылары мен өкілдері, үкіметтік емес жастар ұйымдарының өкілдері «Көбелек балалар»  қайырымдылық қорының жетекшісі Аллабергенов Сұлтан Мұратұлы мен қоғам қайраткері Байрамов Камиль Вагипович қатысты.

Бұл слет МЖС іске асырудың қолданыстағы әдістерін жетілдіру, жаңа және инновациялық тәсілдерді іздеу, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін арттыру мақсатында өтті. Слет жұмысы аясында шешендік өнер бойынша шеберлік сыныптары, жеке және көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша семинар-тренингтер, жастармен жұмыс жасауда шығармашылық тәсілді қалыптастыруға бағытталған түрлі диалог алаңдары ұйымдастырылды.

Осы іс-шараға белсенді қатысқан Қарағанды индустриялық университет стденттері Джумабай Динара мен Турекул Венераға куәлік табыс етілді.

09.09.2022, 13:31:41, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Elixir, Java, Javascript бағдарламалау тілдері бойынша курстар

Қарағанды индустриялық университеті практикалық салалық тәжірибені және өз мамандарының жоғары біліктілігін пайдалана отырып, “IT Analytics” ЖШС компаниясы мынадай бағдарламалау тілдері бойынша әзірлеушілерді даярлау бойынша оқу курстарын өткізетінін хабарлайды:

 

Elixir бағдарламалау тілі. 6 айға созылатын Курс аптасына 2 (екі) рет 3 (үш) сағаттан өткізіледі. тегін негізде. Оқытудың офлайн және онлайн нысандары көзделеді.

 

Java бағдарламалау тілі. Курстың құны-айына 20 000 (жиырма мың) теңге. 6 айға созылатын Курс аптасына 2 (екі) рет 3 (үш) сағаттан өткізіледі. Оқытудың офлайн және онлайн нысандары көзделеді.

 

Java бағдарламалау тілі-сценарий. Курстың құны-айына 20000 (жиырма мың) теңге, ұзақтығы 6 ай. Аптасына 2 (екі) рет 3 (үш) сағаттан өткізіледі. Оқытудың офлайн және онлайн нысандары көзделеді.

 

Офлайн сабақтар Қарағанды қаласы, Жамбыл көшесі мекенжайы бойынша өткізіледі. 4/13. “ZERE” Бизнес орталығы. 3-ші қабат. “It Analytics” оқу орталығы. Біз оқу кезеңінде компьютерлерді тегін ұсынамыз.

 

Біздің курстар бойынша білім алушыларда тестерді сәтті тапсыру қорытындысы бойынша біздің компанияға кепілді жұмысқа орналасу мүмкіндігі пайда болады.

 

КарИУ студенттері аталған курстарға жаңа білім мен дағдыларды алу үшін шақырылады.

 

Курсқа жазылу сұрақтары бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады+7 777 658 1822 (Юрий Викторович) немесе электрондық поштаға info@itanalytics.kz.

 

09.09.2022, 12:14:35, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ТІЛ-РУХАНИ ҚАЗЫНА!

 

Бүгін қаламыздағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл-рухани қазына» атты диалог алаңы атты іс-шара өтті.

Негізгі мақсаты – жастардың ана тілге деген құрметін арттыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру және мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыру бағыталған. Мерекелік шараға Қарағанды индустриялық университетінің белсенді 1 курс студенттері қатысты.

Диалог алаңында Қазақстан халқының тілдері күнінің маңызы жайлы бейнебаян көрсетілді. Іс-шараға мемлекеттік тілді жетік меңгерген университет студентері қатысып, өздерінің қазақ тілін меңгерудегі тәжірбиелерімен ой бөлісіп,залға жиналғандардың сұрақтарына жауап береді.

Шара соңында белседілік көрсеткен студенттер бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттарға ие болды.


 

05.09.2022, 18:34:32, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар