2020 жылғы 2 және 4 наурыз күндері Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы бірінші курс студенттері үшін Теміртау қаласындағы Тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырды, біздің студенттер Алғыс күні мерекесіне арналған «Тағдыр» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған көрмеге қатысты.
Қазақстандағы Алғыс айту күні – бұл ерекше мағына мен рухани қуанышқа толы салыстырмалы түрде жаңа мереке, ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы арқасында жүзеге асырылуда. 2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясында айтылған бұл ұсыныс Қазақстан халық тарапынан кең қолдау тапты.
Мереке идеясы қазақстандықтарды бірден қуантты. Осы себепті. Қазақстан көпұлтты мемлекет ретінде танымал:
– елде 130 этникалық топ пен 17 діни конфессияны біріктірілген;
– ХХ ғасырда оның территориясына Украина, Ресей және Беларусиядан бес миллионнан астам адам көшіп келді.
Сонымен бірге біздің республикада ұлтаралық және конфессияаралық келісім үшін барлық жағдайлар жасалған. Бұл Столыпин реформаларынан, ұжымдастыру мен ыдырауынан кейін қазақстандықтар көптеген иммигранттарды қабылдаған кезде пайда болған ерекше ұлттық идея. Өзара көмек, қолдау және жауаптылық қазіргі заманғы тұтас қоғам құрудың негізі болды. Міне, бес жылдан бері, 1 наурыз күні, Қазақстан өткен уақыттарды еске алып, күнделікті өмірдегі мейірімділік пен жомарттық үшін бір-біріне алғыс айтады.
Алғыс айту күніне орай мұражай қызметкерлері арнайы дайындалған тарихи деректер мен тарихи жәдігерлерді ұсынды, сонымен қатар студенттерді «Бір тағдыр, біртұтас ұлт, бір ел» қағидаты бойынша еліміздің тарихымен таныстырды. Атап айтқанда, олар Теміртаудың көп ұлттар қонысы және өнеркәсіптік алпауытқа айналған өңір тарихы туралы әңгімелеп берді. Көрмеде депортацияланған ұлттың тарихы туралы естеліктер ұсынылды: орыстар, украиндар, белорустар, башқұрттар, шешендер, немістер, корейлер т.б.
Іс-шараға қатысқан студенттердің көпшілігі еліміздің әр түкпірінен келген «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын студенттер.
Іс-шараға қатысушылар Теміртау мұражайының қызметкерлеріне патриоттық тәрбие ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді. Шынында да, осындай іс-шараларды өткізу барлығымызға өткенді, көпұлтты Қазақстан қалыптасқан тарихи оқиғаларды еске түсіруге, сонымен қатар студенттердің аға буынының құндылықтарын бойына сіңіруге, толеранттылыққа, ортақ тіл таба білуге, шығу тегімізді құрметтеуге және Отанымызды сүюге мүмкіндік береді.
Іс-шараға «Металлургия», «Ақпараттық технологиялар», «Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» және «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандықтарының студенттері қатысты.
ҚМИУ баспасөз қызметі