Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...
Архив:Тарау таңдап алу: Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу → Назар аударыңыз: конкурс!
Ғұлама, ойшыл,сазгер, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты онлайн байқаудың
ЕРЕЖЕСІ Ұйымдастырушы: Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті Өтетін күні: 20 сәуір 2020 жыл Мақсаты мен міндеттері: Байқаудың шарттары: Бағалау критерилері: Марапаттау:
ҚМИУ «ҚМИУ АРУЫ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІДәстүр бойынша, көктемде біздің университет «ҚМИУ Аруы» байқауын өткізеді. Ұйымдастырушы – Жастар ісі жөніндегі комитет, студенттердің кәсіподақ комитеті. Бұл байқау ерекше форматта өтті, ол алғаш рет онлайн тәртібінде өткізілді. Байқауға қатысқандардың биыл саны он болды, олар өздерінің шеберлігі мен шығармашылығын паш еткен фотосуреттер мен бейнелерді ұсынды. Қазылар алқасына университет студенттері қатысты, олар өздеріне ұнаған қатысушыларға дауыс берді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ҚМИУ келесі студенттері берді:
Әр қатысушы өзінше әдемі және талантты. Биылғы байқаудың күрделілігі – қыздар өздерінің барлық шеберліктері мен шығармашылықтарын сахнада емес, қысқа видеода көрсетулері керек еді. Бірақ, соған қарамастан, қыздар жеңіске жетті және дауыстарды санағаннан кейін жеңімпаздар анықталды. 1 орын Талғат Айданаға 2 орын – Сарсенова Жайлагүлге 3 орын – Сабырбаева Асырға бұйырды. Айдана карантин маусымы аяқталғаннан кейін «ҚМИУ АРУЫ-2020» тәжі мен лентасын алады. Барлық жеңімпаздарға ҚМИУ студенттерінің кәсіподақ комитетінен естелік сыйлықтар мен сертификаттар беріледі. Біздің университет студенттері тағы бір рет өздерінің достықтарын және ұйымшылықтарын көрсетті, осылайша карантин кезінде де өте қызықты іс-шаралар өткізуге болатындығын расталды. Жастар істері комитетінің жоспарындағы келесі кезең – «ҚМИУ ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2020» онлайн-байқауын ұйымдастыру.
ҚМИУ баспасөз қызметі
|