“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құрметті профессорлар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер! Сіздерді Білім күнімен құттықтаймыз!

Білім адам өмірінде үлкен рөл атқарады, ал жоғары білім жарқын, шығармашылық тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі.

Құрметті бірінші курс студенттері! Сіз еліміздің ең үздік ЖОО-ның, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Альма-матерінің студенттері болдыңыз. Алда қызықты және мазмұнды студенттік өмір! Жақсы оқу тілейміз, біздің университеттің дәстүрлерін жалғастырушы болыңыздар.

Баршаңызға зор денсаулық, амандық және оптимизм тілейміз. Келе жатқан оқу жылы біз үшін жетістіктер, кәсіби және шығармашылық жеңістер жылы болсын.

01.09.2021, 11:39:48, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ САБАҚ КЕСТЕСІ

Құрметті 1 курс студенттері! Оқу процесі туралы барлық қажетті ақпаратпен (сабақ кестесі, емтихан кестесі, Академиялық күнтізбе және тағы басқа ақпарат) сіз «Студент» қосымша бетінен таныса аласыз.

01.09.2021, 09:40:51, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

НАЗАР аударыңыз!!!

ҚАРИУ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖИЫНЫ

Құрметті бірінші курс студенттері! Ертең, 2021 жылдың 1 қыркүйек күні Қарағанды индустриялық университетінде жаңа 2021 – 2022 оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі ұйымдастыру кездесулері өткізіледі.

Кездесулер келесі кесте бойынша өтеді:

1. «Экономика және құрылыс» факультеті

Сағат 10:00 жаңа ғимараттың 306 аудиториясында келесі дайындық бағыты/мамандықтар бойынша:

– Бизнес экономикасы;

– Кәсіпкерліктегі есеп және аудит;

– Қаржы ұйымының экономикасы;

– Кәсіпкерлік саласындағы менеджмент.

Сағат 11:00 жаңа ғимараттың 306 аудиториясында келесі дайындық бағыты/мамандықтар бойынша:

– Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс.

2. «Энергетика, көлік және басқару жүйелері» факультеті

Сағат 11:00 бас ғимараттың 301 аудиториясында келесі дайындық бағыты/мамандықтар бойынша:

– Бағдарламалық инженерия;

– Өнеркәсіпті кәсіпорындар және тұрғын-үй-коммуналдық нысандардың жылуэнергетикасы;

– Өнеркәсіпті нысандарды энергиямен қамтамасыздандыру;

– Өнеркәсіптік технологиялық жабдықтар;

– Көтеру-көлік, құрылыс және жол машиналары.

3. «Металлургия және машинажасау» факультеті

Сағат 10:00 жаңа ғимараттың 313 аудиториясында келесі дайындық бағыты/мамандықтар бойынша:

– Фармацевтикалық өндіріс технологиясы.

Сағат 11:00 жаңа ғимараттың 313 аудиториясында келесі дайындық бағыты/мамандықтар бойынша:

– Материалтану және жаңа материалдар технологиясы;

– Машинажасау саласындағы ұсталы-штамптау өнідірісі;

– Металдарды қысыммен өңдеу;

– Металлургия (Қара және түсті металдар металлургиясы және Түсті металдар металлургиясы);

– Стандартттау, метрология және сертификаттау;

– Өнеркәсіптік, экологиялық және өрт қауіпсіздігі;

– Органикалық заттардың химиялық технологиясы.

Ұйымдастыру жиыны барлық санитарлық -эпидемиологиялық нормаларды сақтаумен өткізіледі.

Өтінеміз, кеш қалмаңыздар!

31.08.2021, 17:30:16, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ОҚЫТУ ФОРМАТЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ CALL-ОРТАЛЫҚ

Жаңа оқу жылындағы оқыту форматы мәселелері бойынша Call-орталыққа хабарласыңыздар:

+7 (700) 98 38 037,

+7 (701) 738 27 85,

+7 (702) 651 28 83

немесе Виртуалды қабылдау арқылы

https://us04web.zoom.us/j/8472128644?pwd=QzY3VFN3OHF6ZzNPR2IwUlpLY0dhQT09 (9:00-ден 18:30-ға дейін)

28.08.2021, 12:42:50, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИАЛДЫ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

«ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИАЛДЫ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ әкімшілік-басқару персоналының бос лауазымдарына орналасуға республикалық конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдау қолма-қол немесе сканерленген нұсқада hr@tttu.edu.kz электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 2021 жылғы 11 қыркүйек, сағат 18.00-ге дейін.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы 30, бас ғимарат, 221 кабинет, Адами ресурстар департаменті.

Телефоны: 8(7213) 910240

Әкімшілік-басқару персоналының конкурсына ұсынылатын бос жұмыс орындарының тізімі.

Бос лауазым

Бос бірліктер саны Үміткерлерге қойылатын талаптар
Инфрақұрылымды пайдалану және дамыту департаментінің директоры

1

– жоғары білім;

-құрылыс/ТКШ/пайдалану-шаруашылық қызмет саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

– соңғы бес жылда біліктілікті арттырудың бір түрінің болуы.

Цифрлық трансформация департаментінің директоры

1

– Ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білім / өзге техникалық мамандық;

– IT-саласында басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

– соңғы үш жылда біліктілікті арттырудың бір түрінің болуы.

Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультетінің деканы

1

-жоғары (маман) және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (ғылыми-педагогикалық бағыт) білім;

– ғылыми дәрежесінің болуы;

– Білім және ғылым саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

– соңғы бес жылда біліктілікті арттырудың бір түрінің болуы.

Металлургия және машина жасау факультетінің деканы

1

Экономика және құрылыс факультетінің деканы

1

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1. Түйіндеме.

2. Жеке куәліктің көшірмесі.

3. Салыстырып тексеру үшін жоғары білімі және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы аттестаттың көшірмелері және түпнұсқалары.

4.Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары.

5. Жұмыс орны( қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген У075 нысаны бойынша құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген медициналық анықтама, вакцинация паспорты.

7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есепке алу жөніндегі мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына №1 қосымшаға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі №11304) сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымнан анықтама.

9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына №1 қосымшаға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі №11304) сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.

10. Біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсынымдар және т.б.).

Конкурсты өткізу: Қарағанды индустриялық университетінің әкімшілік-басқару персоналы лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларына сәйкес (www.tttu.kz).

Құжаттарды мына мекенжайға жолдау және жүгіну: 101400, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30, адам ресурстары департаменті (каб. №221). Телефоны: 8(7213) 91 02 40.

28.08.2021, 12:10:32, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар