ҚарИУ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ: МАҚСАТТАР ЖӘНЕ МІНДЕТТЕР» атты дәстүрлі Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізілді.
2020 жылдың 4 желтоқсанында Қарағанды индустриялық университетінде онлайн режимінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Білім кеңістігінің архитектурасы: мақсаттар және міндеттер» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізілді.
Конференцияға жоғары оқу орындарының профессорлы-оқытушылар құрамы, мектептер мен колледждердің оқытушылары, металлургия және онымен байланысты салалар, сандық технологиялар, Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің кәсіпкерлік саласындағы жетекші талдаушылары мен практиктері қатысты.
Конференция бағдарламасына заманауи білім беру жүйесінің өзекті мәселелері туралы 90 астам баяндама енгізілді.
Бірқатар баяндамалар білім беруді цифрландыру мен трансформациялаудың тенденциялары мен қазіргі проблемаларына, қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың міндеттері, адалдық идеологиясын насихаттау және кәсіпкерлік білім беруді дамыту мәселелеріне арналды.
Жалпы отырысты Қарағанды индустриялық университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Бақыт Ахатұлы Жәутіков ашты
Әрі қарай қонақтарға құттықтау сөз берілді:
- Шахмаран Жүрсінбекұлы Сейілов – Қазақ инфокоммуникация академиясының президенті, техника ғылымдарының кандидаты, экономика ғылымдарының докторы;
- Равиль Кәрімұлы Арықбаев – Экономика институтының директоры, Астрахан мемлекеттік университетінің «Агробиотехнология, инженерия және агробизнес» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы;
- Асылбек Қуантайұлы Төлешов – «MISiS» Ұлттық зерттеу технологиялық университеті, «Техносфера қауіпсіздігі» кафедрасының доценті, т.ғ.к.;
- Азиз Оразұлы – Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Теміртау қаласындағы филиалының директоры.
Конференцияның пленарлық отырысында құттықтау сөздерінен кейін келесі спикерлер сөз сөйледі:
- «SANALY URPAQ» Республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі – Қайыржан Ахметбекұлы Төкішев өзекті тақырып бойынша баяндамасымен: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу факторы»;
- Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі – Бекзат Қомарұлы Алтынбеков «Ұлттық сана және рухани жаңғыру» баяндамасымен.
«Педагогикалық дизайн және оқытудағы жаңа технологиялары» атты баяндамасымен Қарағанды индустриялық университетінің «Құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы Татьяна Петровнаң Сучилина жеке тәжірибесімен бөлісті, «Құрылыс» бағыты бойынша заманауи бейнезертханасын өзінің авторлық әзірлемесімен таныстырды.
Жалпы отырыстан кейін конференция келесі секциялар бойынша жалғасты:
- Қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу: жаңа шындыққа бейімделу.
- Металлургияның цифрлық болашағы – кадрларды даярлау әдістері мен тәсілдері.
- Кәсіпкерлік білім еңбек нарығы мен тұрақты экономикалық өсудің драйвері ретінде.
- Адалдық сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін дамыту механизмі ретінде.
- Абайдың шығармашылығы – халқымыздың рухани өзегі.
Қалыптасқан дәстүр бойынша, ҚарИУ жыл сайынғы конференциясы – бұл білім кеңістігін әлеуметтік-мәдени қатынастарды өзгерту кеңістігіне айналдыруда университет қауымдастығының, жұмыс берушілер мен іскерлік серіктестердің өзара іс-қимылының сәтті диалог алаңы. Ол кезекті рет кәсіби, ғылыми және іскерлік қоғамдастықтың ең жақсы өкілдерін жинап, ашық, желілік білім беру мен цифрлы инновацияның өзекті мәселелерін талқылады.
Конференция сындарлы және іскерлік жағдайда өтті. Білімгердердің цифрлық дәуірдегі оқу үрдісіне қатысу проблемасы талқыланды. Конференцияда ұсынылған барлық баяндамалар өзекті, проблемалық материалдармен қаныққан және қазіргі заманғы жоғары оқу орындарында мамандарды даярлау сапасын арттыруға қызығушылық тудырады. Конференцияға Ресей, Украина, Қырғызстан университеттері мен Қазақстан Республикасының оқу орындарынан 150 астам оқытушылары, студенттері, магистарнттары, докторанттары және т.б. қатысты.
Конференцияға қатысушылар қазіргі кезең жалпы білім беру жүйесінің өзгеруімен, жалпы, кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жаңа стандарттарына көшумен сипатталатынын атап өтті. Білім мен ғылымды дамытудың жоғары идеалдарын басшылыққа ала отырып, университеттердің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын түсіне отырып, конференцияға қатысушылар қарарға келесілерді енгізуді қажет деп санайды:
- Оқу процесінің қазіргі жағдайына терең талдау жасайтын баяндамалардың, сондай-ақ оның алдағы жылдарға арналған дамуының болжамының жоғары деңгейі атап өтілсін.
- Қазіргі заманғы қазақстандық білім берудің тиімділігі мен сапасын арттыруға, оның технологиялары мен мазмұнын жақсартуға бағытталған отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу мен қорытуды жалғастырылсын.
- Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, женке тұлғаның дамуына негізделген университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырылсын.
- Қашықтықтан оқыту технологияларын жетілдіру; жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілердің өзара әрекеттесуінің тиімді түрлерін дамытылсын.
- Кәсіптік білім беруді және оның кәсіби және ғылыми негіздерін модернизациялауды жоғары білім беруді дамытудың әлемдік бағыты жағдайында жалғастырылсын.
- Кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағыттау бойынша жұмысты жалғастырылсын.
- Қолданушылардың дүниетанымының түбегейлі ашықтығына негізделген жаңа мәдени сәйкестікті жүзеге асырудың алғышарттары ретінде сындарлы ұсыныстар әзірленсін.
- Дамыған әдістемелік, зерттеу, компьютерлік және инновациялық мәдениеті бар мамандарды даярлау бойынша жұмысты жалғастырылсын.
- Қазақстандық білім беру қоғамдастығының академиялық адалдық пен адалдық мәселелеріндегі сәтті тәжірибелерін қорытындылау және оларды оқу процесінің барлық салаларында: білім беру, ғылыми, білім беру саласында белсенді қолданылсын.
- Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау барысында университет қауымдастығының, жұмыс берушілер мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің өзара тығыз байланысының қажеттілігін атап өтілсын.
- Облыстағы студенттік клубтардағы жастардың құқықтық сауаттылығын дамыту және арттыру мақсатында облыстағы студенттер клубтарына арналған «Онлайн-мектептер» ұйымдастыру туралы ұсыныс енгізілсін. Интернет университеттерінің оқытушылары ретінде заң университеттерінің оқытушылары тартылсын.
Конференция нәтижесінде келесі үздік баяндамалар марапатталды:
– «Project for the application of the unesco recommendations on the formation of ICT – competence of the teaching staff of the Karaganda Industrial University»» – авторлар: З.С. Гелманова, А.Е. Алдабаева, А.С. Петровская, Н. .М., Омарова М.А. Латыпова, А.Қ. Төлешов;
– «Әлеуметтік кәсіпкерлік – кәсіпкерлік білімнің ажырамас бөлігі» – авторлар: Л.В. Чепелян, Е.П. Фет;
– ««Multitasking: how to exceed»» – авторлар: Г.Б. Нұрсейітова, Г.Т. Тургумбаева, С.А. Быкадоров, Б.Н Нұрсейітов;
– «Қашықтықтан білім беру. Артықшылықтары мен кемшіліктері »- автор: А.Жұмабекова;
– «Қазақстандық студент жастардың саяси әлеуметтену процесінің ерекшеліктерін талдау» – автор: Т.М.Нұрғалиев;
– «COVID-19 кезеңінде қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу: оның нәтижелері мен қазақстандық білім беру жүйесінің болашағы» – автор: К.Баясилова;
– «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы: Абайдың «Тәрбие сөздеріндегі әлеуметтік портрет» – авторлар: Н.Ғ. Қабди, М.С. Солтан;
– «Жастар руханилық парасаттылыққа тәрбиелеудегі Абай тағылымы» – авторлар: І.А. Аманжол, Т.С. Каппарова, А.К. Султанов;
– «Абай мұрасы – халқымыздың рухани өзегі» – автор: С.А. Жандильдина;
– «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» – автор: А.И.Сүлейменова;
– «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарасты саясатты іске асырудың мәселелері» – автор Б.А. : Сарбасов, А.С. Орынбеков;
– «Адалдық сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңызды факторы ретінде» – автор: В.Г.Черкашин;
– «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» Б. Асқаров;
– «Материалдарды қысыммен өңдеуде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану ерекшеліктері» – автор: Ж.А. Ашкеев;
– «Жіңішке дайындаманы табақты штамптау процесін модельдеу әдістемесі» – автор: Е.А. Панин;
– «Металлургияның болашағы цифрлық мамандарға тиесілі» – автор: А.Өтемұратова
Қорытындылай келе, өткізіліп жатқан ғылыми-әдістемелік конференцияның білім беру мекемелері мен өндіріс үшін маңызы зор екендігін атап өтуге болады, өйткені бұл кадрларды қалыптастырудағы негізгі бағыт – еліміздің болашағы.
Тағы бір рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Білім кеңістігінің архитектурасы: мақсаттар және міндеттер» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция ұйымдастырушыларының атынан конференцияға белсене қатысқандары үшін барлығына алғыс айтамыз, сонымен қатар сіздерге сәттілік, денсаулық және амандық тілейміз!
ҚарИУ баспасөз қызметі