ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БАЛА КӨЗІМЕН» АТТЫ БАЛАЛАР СУРЕТТЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
2020 жылдың 21-28 желтоқсанында Парасаттылық мектебі мен «Саналы ұрпақ»студенттік клубының жұмыс жоспарына сай университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамының, қызметкерлерінің балалары, немерелері арасында «Сыбайлас жемқорлық бала көзімен»тақырыбында суреттер конкурсын ұйымдастырып, өткізді.
Конкурс мақсаты – өскелең ұрпақты әдеп қағидаттарына тәрбиелеу, құқық бұзушылықтар туралы білімді кеңейту; алдыңғы буын мен келешек ұрпақты құқықтық білім, парасаттылық мәдениет мәселелері бойынша насихаттық бағыттау; отбасылық парасаттылық мәдениетін дамыту. Конкурсқа 5-16 жастағы балалар мен жасөспірмдер қатысты.
Конкурсқа ұсынылған жұмыстарды арнайы құрылған комиссия талқылап, нәтижесінде 3 жүлделі орын және 1 ынталандыру орны анықталып, жеңімпаздарға университеттің әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер жөніндегі уәкілі Г.А. Сивякова Мадақтау қағаздармен, арнайы сыйлықтармен марапаттады.
1-орын жеңімпаздары апалы-сіңлілі 7, 10 жасар Хайролқызы Інжу мен Жанерке (анасы «Экономика және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Шаймардан Айсауле).
2-орын жеңімпазы 10 жасар Адалбек Айназым (анасы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Солтан Мағира).
3-орын 10 жасар Зайтова Айару (анасы «Материалдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының меңгерушісі, PhD Ахметова Гүлжайнат Есенжолқызы).
4-орын иегері 12 жасар Харченко Таисия (анасы академиялық саясат департаментінің директоры, PhD Харченко Елена Михайловна).
Саналы ұрпақ өкілдерін әрбилеудің тәсілі ретінде ұйымдастырылған бұл шара әдеп негіздері отбасылық тәрбиеден басталатындығының айқын дәлелі болды.