“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚарИУ мен Астрахань мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық кеңеюде.

10 наурыз, 2021 жылы «Экономика және бизнес» кафедрасының оқытушылары мен ҚарИУ студенттері Әзербайжан мемлекеттік экономикалық университетінің «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Севда Мамедова өткізген «Бизнестің сыртқы және ішкі ортасы» онлайн-дәрісіне қатысты. Дәріс аясында қатысушылар кәсіпкерлікті құру модельдері, бизнесті жүргізуге әсер ететін факторлар туралы әңгімелеп, өнімді өндіру және сату жағдайларын талқылады.

Бұл іс-шараны Астрахан мемлекеттік университетінің халықаралық ынтымақтастық және дамытудың жобалық кеңсесі өткізді.

2020 жылы Астрахан мемлекеттік университеті COVID-19-қа қарсы халықаралық онлайн жобасын іске қосты. Жобаның басты мақсаты – коронавирус пандемиясының қиын кезеңінде серіктес университеттер арасындағы халықаралық академиялық ынтымақтастықты қолдау, бірыңғай халықаралық білім кеңістігін құру және студенттердің оқуға деген ынтасын сақтауға көмектесу. Біздің университет ұзақ жылдар бойы АМУ ынтымақтастықта жұмыс жасауда. Жобаның мәні – АМУ студенттері мен оқытушылары және шетелдік серіктес университеттер бірлескен дәрістерге, вебинарларға, пікірсайыс алаңдарына және «ASU Boiling Poin»t орталығының Leader-ID платформасындағы қашықтағы кездесулерге қатысады.

Мұндай онлайн кездесулер бір реттік болуы мүмкін немесе бір тақырып бойынша лекциялар, вебинарлар циклын ұсынады. Талқылауға арналған тақырыптар қазіргі ғылыми зерттеулерге және серіктес университеттердің оқу траекторияларына сәйкес келеді, студенттер үшін де, оқытушылар үшін де қызықты.

Коронавирустық пандемия халықаралық қауымдастық үшін қиын сынақ болып шықты: жаһандық халықаралық кеңістік қайтадан екіге бөлінді. Мұндай кездесулер бізге COVID-19 халықаралық онлайн жобасының бір бөлігі болуға және елдеріміздің шекараларын «ашуға» көмектеседі!

Бұл кездесуге Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Болгария, Иран, Италия және Францияның серіктес университеттерінің 50 астам студенттері мен оқытушылары қатысты.

11.03.2021, 18:06:39, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Қарағанды индустриялық университетінің инфрақұрылымындағы маңызды компоненттердің бірі – ғылыми кітапхана.

Университеттің білім беру қызметіндегі ғылыми кітапхананың негізгі міндеттері: студенттерге және университет қызметкерлеріне жедел, толық кітапханалық-ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету және білім беру бағдарламаларына сәйкес кітапхана қорын қалыптастыру.

Университет кітапханасының қоры студенттерге, магистранттарға, докторанттар мен оқытушыларға көмек ретінде оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен жыл сайын толықтырылып отырады. Осыған байланысты университеттің алдында күрделі міндет тұр – барлық студенттерді мемлекеттік тілде ғана емес, орыс және ағылшын тілдерінде де қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету. Оқу және ғылыми әдебиеттер дәстүрлі форматта (баспа кітаптары) да, сандық тасымалдағыштарда да сатып алынады. Кітапхана қоры біздің оқытушылардың шығармаларын өз баспаханамызда баспаға шығару және мемлекеттік сатып алу есебінен толықтырылады.

Кітапхана қызметкерлері кітапхана қорындағы жаңа кітапратрды сатып алуға қатысты ұсыныстар мен жарнамалар бойынша белсенді жұмыс істейді. Ол үшін ҚарИУ сайтында жаңа сатылымдарға ұсыныс жасалған кезде «Жаңа әдебиет» ақпараттық бюллетені орналастырылады, ғылыми-техникалық журналдарға шолу айына бір рет жасалады. Ашық кітап таныстыраламдары, «Маман күндері», «Департамент күні» өткізіледі. Соңғы жылдары оқытушылар мен студенттерге ыңғайлы болу үшін ҚарИУ сайтында фотокөрмелер, жаңадан келгендер кітаптар және оқулықтар туралы фоторепортаждар орналастырылады.

Бірақ кітап жарнамасының кең таралған және тиімді түрлерінің бірі дәстүрлі кітап көрмесі болып қала береді. Бұл нысан оқырманға жаңа әдебиеттермен тікелей танысуға мүмкіндік береді.

Оқу жоспарына көмек ретінде ғылыми кітапханаға жазылу және оқу залында «ХХІ ғасырдың білімі мен мансабы», «Студентке көмек», «Әдебиет жаңалықтары», «КарИУ оқытушыларының еңбектері» бойынша тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылады және жүйелі түрде жаңартылып отырады. Барлық кітап көрмелері 3 тілде әзірленген.

2021 жылдың қаңтарынан бастап ғылыми кітапхана «Оқу бағдарламасына көмектесетін жаңа әдебиеттер» атты кітап көрмелері мен тақырыптық сөрелер циклын ұйымдастырып келеді. Олар кітапханаға сатып алынған кітаптар  көрмесін ұйымдастырады. Ағымдағы жылдың қаңтарында «Энергетика» кафедрасы, ақпанда – «Жасанды интеллект технологиясы» кафедралары өз мамандықтары бойынша жаңа кітаптар, оқулықтар, ғылыми жаңалықтармен танысты. Наурыз айында кітапхана қызметкерлері студенттерге «Металды қысыммен өңдеу», «Металлургия және металтану», «Технологиялық машиналар және көлік» кафедраларында «Металлургия» және «Өндірістік көліктер» тақырыптары  бойынша жаңа кітап көрмелерін ұсынды. «Біздің оқытушылардың оқу әдебиеті» кітап көрмесіне ерекше назар аударуға болады. Біздің оқытушылар ғылыми-оқу әдебиетінің оқырмандары ҚарИУ профессорлық-оқытушылар құрамының соңғы алты айдағы жаңа оқу, оқу-әдістемелік материалдарымен таныстырылады.

11.03.2021, 18:00:27, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Құрметті студенттер!

Сіздерді «Наурыз тойы – береке, Наурыз тойы – мереке» фотоколлаждар байқауына белсенді қатысуға шақырамыз.

Байқаудың тақырыбы – әдет-ғұрыптар,  салт-дәстүр, отбасылық дәстүрлер, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрлері және табиғаттың көктемгі өзгеруі.

Байқауға қатысушылардың үздік фотосуреттері 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен, сонымен қатар қосымша номинациялар бойынша марапатталады.

Байқауға А4 форматты қағазға түрлі-түсті немесе ақ-қара түсті фотосуреттер қабылданады (сканерленген фотосурет болуы мүмкін).

Фотосуреттің астына (фотосуретке қатысты қосымша мәтін) толық аты-жөніңізді, тобыңызды жазуды ұмытпаңыз.

Материалдарды ninulichik@mail.ru  электрондық поштасына жіберіңіз немесе H-200 бөлмеге тапсырыңыз.

Материалдар 2021 жылдың 17 наурызына дейін қабылданады.

11.03.2021, 13:22:27, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Құрметті студенттер!

Сіздерді «Біздің көңілді студенттік өмір» бейнебаяндар байқауына белсенді қатысуға шақырамыз.

Байқауға қатысушылар сертификаттар және сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға көлемі 2 минутқа дейінгі бейнебаяндар қабылданады, бейнебаян студенттік өмір шындығын бейнелеуі керек (сабақ, жатақхана, демалыс және т.б.).

Бейнебаяндардың авторларының: аты-жөні, тобы және ұялы телефон көрсетілуі керек.

Үздік видеолар әлеуметтік желілердегі аккаунттарда және университетіміздің ресми сайтында орналастырылады.

Материалдарды ninulichik@mail.ru  электрондық поштасына жіберіңіз немесе H-200 бөлмесіне тапсырыңыз. Бейнебаяндар 2021 жылдың 26 наурызына дейін қабылданады.

11.03.2021, 13:20:11, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Қарағанды индустриялық университетінің ұжымына жаңа Басқарма төрағасы м.а.- ректор таныстырылды

10 наурызда ҚарИУ Ғылыми Кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Мұхтарұлы Дауленов жаңа Басқарма төрағасы м.а. – ректор Болатбек Серікбайұлы Абдрасиловпен таныстырды.

Мирас Мұхтарұлы жаңа ректордың басқару жұмысындағы үлкен тәжірибесін, оның жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін атап өтті, Ғылыми Кеңес мүшелерін Болатбек Серікбайұлының өмірбаянымен таныстырды. Соңында вице-министр университет ұжымы алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыруда сәттілік тіледі.

Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов 1958 жылы 15 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1979 жылы «Физика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген, физика-математика ғылымдарының кандидаты, биология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Академиясының академигі, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Құрметті академигі. Мәскеу Ақпараттандыру Академиясының академигі, ҚР Жоғары білім Академиясының академигі.

Б.С. Абдрасилов 35 жыл бойы жоғары білім мен ғылым саласында жемісті еңбек етіп келеді. «Құрмет» орденінің кавалері (2005), «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері. Ресей, Австралия, Голландия, Оңтүстік Корея, АҚШ беделді ғылыми журналдарда 60 астам жарияланымдары жарияланған. Ол Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеушілерінің бірі.

Болатбек Серікбайұлы өзінің еңбек жолын Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтында оқытушы, стажер-зерттеуші болып бастаған, КСРО Ғылым академиясының Биологиялық физика институтында аспирантурасын аяқтаған. Әр жылдары ол, аға оқытушы, доцент, декан, Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының проректоры, бірінші проректоры, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры болып еңбек еткен.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпараттық-тестілеу орталығының директоры қызметін атқарған. Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және орта кәсіптік білім беру департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және сертификаттау комитетінің төрағасы болған.

2010 жылдың 23 қыркүйегінен бастап 2012 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы. 2012 жылдың ақпанынан 2016 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры. 2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты секторының меңгерушісі болды.

2017 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Соңғы жұмыс орны – Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің президенті.

10.03.2021, 21:09:21, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар