«Қоғам игілігі үшін мәдениет, білім және ғылым»
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Ұйымдастырушылар
«Тұран» университеті
«Тұран-Астана» университеті
Қазақстандық маркетинг қауымдастығы |
Өтілетін орны
Қазақстан, Алматы қаласы
«Тұран» университеті
Өтетін күні: 21 қараша 2014 ж. |
Мақсаты: білім мен ғылыми зерттеулер, өзекті мәселелер мен перспективаларды анықтау жолдары арқылы мәдениетті құру және трансляциялаудағы жоғарғы мектептің рөлін кәсіби талқылау.
Бағыттары:
¨ жалпы қоғам мен қазіргі жастардың құндылық бағдарының қалыптасуына жоғарғы мектептің әсері
¨ мәдениеттердің өзара сіңісу факторы ретінде білімдегі интеграциялық үрдістер
¨ Болон үрдісі мәнмәтініндегі жоғарғы білімнің сапасы
¨ заманауи қоғамда адами ресурстардың қалыптасуындағы жоғарғы білімнің рөлі
¨ бакалаврлар, магистрлар мен PhD докторларды даярлау сапасын басқарудағы қазіргі заманғы тәсілдер мен технологиялар
¨ білім саласындағы тәуекелділікті бағалаудағы қазіргі заманғы тәсілдер
¨ берілген қасиеттер арқылы жүйелерді жобалау
¨ Қазақстан Республикасындағы білімнің дамуына қажетті басым бағыттарды ұйымдастыру
Конференция жұмысына Қазақстанның, ТМД және алыс шетел елдерінің беделді ғалымдары қатысады.
Конференцияны жүргізу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдері.
Конференцияға қатысуға ғалымдар, мамандар, ғылыми ұйымдардың қызметкерлері, оқытушылар, біліктілікті көтеру жүйесінің қызметкерлері, докторанттар, магистранттар, конференцияның бағыты бойынша ғылыми зерттеулердің жетекшілері шақырылады.
Конференция жұмысының нәтижелері бойынша баяндамалар жинағы шығады. Конференция материалдары ғаламторда «Тұран» университетінің сайтында орналастырылады.
Конференция жұмысына қатысу формалары: толық мәжілістегі баяндама; секциялық мәжілістегі баяндама; баяндамасыз конференция жұмысына қатысу; конференция жұмысына қатысусыз жариялау.
МАҚАЛАЛАРДЫ (ТЕЗИСТЕРДІ) РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Жарияланатын жұмыс мұқият оқылуы және редакциялануы қажет.
Баяндамалар басылған мәтіннің бір данасымен электрондық нұсқада ұсынылуы керек. Мәтін WINWORD XP немесе RTF (Reach text format) терілуі керек.
Материалдар үшін – Times New Roman әрпі, 14 кегль, бірлік жоларалық интервал. Барлық әріптер Windows XP (2000) операциялық жүйесімен толық үйлесімді болу қажет.
Парақтың сол жақ жоғарғы бөлігінде ӘОК жазылады.
Ары қарай парақтың оң жақ жоғарғы бөлігінде автордың тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі мен атағы жазылады. Парақтың ортасында бас әріптермен материалдың аты, сосын – тірек сөздер (10-12 сөз) жазылады. Кейін тасымалдаусыз басылатын мәтін жазылады, жиектердің келесі өлшемдері сақталады: сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 15 мм, төменгі жағы – 20 мм. Азат жол үшінші белгіден басталады. Мақалаға Wordта жасалынған 2-ден көп емес кестені, 2 суретті (Word, топтау) пайдалануға болады. Формулаларды формула редакторы (Microsoft Equation) қосымшасында ғана теруге болады.
Мәтінде тік жақшада пайданылған әдебиетке сілтемелер басылады, әдебиеттер тізімі мақала соңында жазылады. Әдебиет тізімінен кейін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қысқа түйіндеме (4-6 сөйлем), сонымен қатар мақаланың аты үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) болуы керек; ТМД және алыс шетел елдерінің ғалымдары үшін – орыс және ағылшын тілдерінде.
Мақала соңында толық аты-жөні, тегі, қайтарма мекен-жайы, телфондары (қызметтік және үй), факс, электронды поштаның нөмірін (е-mail) көрсетуін өтінеміз.
Баяндаманың негізгі мәтінінде қою, курсивті және асты сызылған әріптердің қолданылуы жіберілмейді. Автоматтық және еріксіз тасымал, жолдарға, беттерге еріксіз ажырату белгілерін пайдалану жіберілмейді.
Машинамен басылған мәтіннің көлемі – 6 бетке дейін.
Жинақта түпнұсқалы, бұрын автордың түзетілуімен жарияланбаған мақалалары орналастырылады.
Оргкомитет мақалалар талаптарға сәйкес келмеген жағдайда оны басуға қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
Қатысу шарттары
Конференцияға қатысу үшін 2014 жылдың 31 қазанына дейін мақаланың қағаз және электронды нұсқасын 050013, Алматы қ., Сатпаев даңғылы, 16-18, 18А, «Тұран» университеті, 209 каб. мекен-жайы бойынша әкелу керек немесе оргкомитеттің maya60@list.ru электронды мекен-жайына келесі материалдарды жіберу керек:
- Талаптармен сәйкес рәсімделген мақала мәтіні.
- Белгіленген формада автор туралы мәлімет (бланк қоса тіркелген).
- Жинаққа қосу үшін төлем түбертегінің көшірмесі немесе скан-көшірмеші (немесе анық сандық суреті).
Материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Мақала төлем расталғаннан кейін ғана жинаққа қосылады. Басылымдарға конференцияның тақырыбына және рәсімдеу ережелеріне сәйкес келмейтін материалдар, сонымен қатар белгіленген тәртіптің бұзылуымен ұсынылған материалдар қабылданбайды.
Тіркеу жарнасы конференция материалдар жинағының бір данасын алумен 3000 тг (Қазақстан Республикасының ғалымдары үшін конференция материалдарын жеткізусіз) немесе 35 АҚШ долларын (ТМД және алыс шетел елдеріне белгіленген мекен-жай бойынша конференция материалын жіберумен) құрайды. ТМД және алыс шет елдер докторларының тезистері тегін басылады (конференция материалдары е-mail бойынша электронды түрде ұсынылады).
Бір қатысушы ең көбі екі мақала (тезис) жариялай алады. Бір автормен (немесе авторлар коллективімен) екі мақаланы (тезисті) жариялау кезінде тіркеу жарнасы конференция материалдар жинағының екі данасын алумен әрбір мақала бойынша бөлек енгізіледі.
Тіркеу жарнасы қолма-қол ақшамен қабылданады немесе пошталық аударумен Жуйкова М.А. атына 050013, Алматы қ., Сатпаев даңғылы, 16-18, 18А, «Тұран» университеті, 209 каб. мекен-жайы бойынша жіберіледі.
Анықтама алу телефоны: 8(727)260-40-00 (ішкі 758), 260-40-18.
Оргкомитет төрағасы: «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Алшанов Рахман Алшанович.
Оргкомитет төрағасының орынбасары: «Тұран» университетінің ғылым және аккредитация жөніндегі проректоры, п.ғ.д. Исламгулова Светлана Константиновна, 405 каб., тел.: 8(727)260-40-05,
е-mail: svet_islam@mail.ru
Жауапты хатшы: «Тұран» университетінің ғылым және аккредитация жөніндегі проректордың көмекшісі Амангожаева Еркежан, 403 каб., тел.: 8(727)260-40-17 (ішкі 763), ұялы: +77079114474,
e-mail: turan_nauka@list.ru
Техникалық хатшы: Жуйкова Майя Антоновна, 209 каб., тел.: 260-40-18,
e-mail: maya60@list.ru
Жинақ авторының тіркелу формасы:
Авторлар
|
Бірінші
|
Екінші
|
Үшінші
|
Тегі, аты, жөні (толық) |
|
|
|
Лауазым, ғылыми дәреже, ғылыми атағы |
|
|
|
Мекеменің атауы (толық) |
|
|
|
e-mail, үй және қызмет телефоны (қала кодымен) |
|
|
|
Мекеме мекен-жайы |
|
|
|
Мақала аты |
|
|
|
Бағыты |
|
|
|
Жинақты жіберу үшін мақала авторларының біреуінің мекен-жайы пошталық индекспен |
|
|
|