«Менің роботым – 2021» қалалық бейнебаян байқауының қорытындысы
2021 жылы 28 сәуірде Қарағанды индустриялық университетінде «Жасанды интеллект технологиялары» және «Энергетика» кафедралары өткізген «Менің роботым – 2021» қалалық бейнебаян байқауының қорытындылары шығарылды. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар, сондай-ақ олардың жетекшілеріне Алғыс хаттарды салтанатты жағдайда Қарағанды индустриялық университетінің Ғылыми істер және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры Алтын Аманжолқызы Айкеева табысталды.
Байқаудың қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша 1 орын Теміртау қаласындағы №16 орта мектептің 5 сынып оқушысы Максим Ким және Теміртау қаласындағы №24 орта мектептің 5 сынып оқушысы, Дмитрий Ситнековке берілді, «Baymax» жеке робототехника үйірмесінің Сергей Кытмановтың жетекшілігімен жасалған «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған калькулятор – Брайль принтерінің аналогы» жобасын ұсынған Дмитрий Ситнеков.
Конкурста 2 орын – БТКЛ 6-сынып оқушылары Илья Струков, Ярослав Зубов және БТКЛ 4-сынып оқушысы Станислав Коршиковке берілді, олар Сергей Қытманов жетекшілігімен «Су (сусындар) жеткізетін робот» жобасын жасады.
3 орынды Ә. Бөкейхан атындағы гимназияның 6-сынып оқушысы Айбек Шаймұрат иеленді. Махсатбек Мұратбекұлы Әбдіров жетекшілігімен жүзеге асырылған «Мобильді робототехника» жобасы ұсынылды.
«Көрермендер көзайымы сыйлығы» бойынша жеңісті №14 орта мектептің 5-сынып оқушылары Максим Озеров және Дмитрий Певцов жеңіп алды, олар Светлана Юрьевна Исламованың жетекшілігімен жасалған «Робот-трактор» жобасының бейнебаянына YouTube платформасында онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша ең көп дауыс жинады.
Байқаудың қазылар алқасы келесі жобаларды да атап өтті:
– «Ақылды жылыжай» (авторлары: Дмитрий Голованов, Дениз Алагөз, Богдан Волков, жетекшісі: Назгүл Алиханқызы Кошкинова) – агрономия саласындағы үздік автоматтандыру идеясы;
– «Робот тасымалдаушы» (авторы: Роман Гуденок, жетекшісі: Даниил Олегович Кокшаров) – робототехника саласындағы ең үздік көлік шешімі;
– «кросс қабілеті жоғары робот мүгедектер арбасының прототипі» (авторлары: Дмитрий Калина, Мадияр Елемесов, жетекшісі: Сергей Кытманов) – ең жақсы гуманистік идея;
– «Түсі бойынша қалдықтарды сұрыптаушы» (авторлары: Айдар Нұрханов, Мансұр Абзалбек, жетекшісі: Назгүл Алиханқызы Көшкінова) – үздік экологиялық идея;
– «Үй жануарларына арналған жем» (авторлары: Диас Теміржанов, Жібек Төлегенова, жетекшісі: Назгүл Алиханқызы Көшкінова) – үй жануарларына күтім жасау саласындағы ең үздік идея;
– «Кофе машинасының прототипі» (авторы: Бауыржан Марсұлы Танатаров, жетекшісі: Жанна Ивановна Титова) – автоматтар жасау саласындағы ең үздік идея;
– «Менің роботым (робот – қоқыс жинаушы)» (автор: Ансат Қанатұлы Сманов, жетекшісі: Хадиша Нурлыбаева) – тазалықты сақтаудың ең үздік идеясы;
– «Менің роботым (робот – гимнаст)» (авторлары: Назерке Рахимова, Әйгерім Сағынтай, Ұлдана Жалқас, жетекшісі: Бақыт Шарипқызы Алданазарова) – ең үздік спорттық идея.