Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...
Архив:Тарау таңдап алу: Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу → Құрметті оқытушылар және студенттер!
Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарының қауымдастығының баспасынан келіп түскен жаңа әдебиеттер туралы фотоесепті ҚМИУ сайтыннан көруге болады.
Терроризм қоғамға төнген жаһандық қатер ретіндеРухани келісім күніне арналған іс-шаралар аясында, 18 қазан 2018 ж. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінде біздің қаламыздың оқу орындарының студенттері үшін «Терроризм – қоғамға төнген жаһандық қатер ретінде» тақырыбында конференция өткізілді. Аталған іс-шара ҚМИУ-мен «Теміртау қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Конфессияаралық қарым-қатынас проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ бірлесе өткізілді. Осы конференцияны өткізу мақсаты:
Конференция жұмысының басында барлық қатысушылар Керчен политехникалық колледжіндегі жарылыс салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Студенттер зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша презентацияларымен және баяндамаларымен сөз сөйледі, қойылған сұрақтарға лайықты жауап бере алатын және өз жұмысына талассыз дәлел келтіретін адамдар ретінде өздерін көрсетті. Конференция соңында қазылар алқасы барлық қатысушыларды грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
ҚМИУ баспасөз қызметі ҚМИУ студенттері «Жер-Ай жүйесі» телекөпіріне қатысты2018 жылы 18 қазан күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері Ресей және Қазақстанның жоғары, орта және арнайы оқу орындарының білімгерлерімен, Ресей және ТМД елдерінің жетекші шикізатты компанияларының өкілдерімен бірге РҒА В.И. Вернадский атын. Геохимия және аналитикалық химия институтының ғылыми жетекшісі, РҒА Жоғары оқу орындарының академиялық навигация орталығының академигі Эрик Михайлович Галимовтың қатысуымен н өткізілген «Жер-ай жүйесі» телекөпіріне қатысты. «Э.М. Галимов – изотопты геохимия саласындағы әлемдік көшбасшыларының бірі, көп атомды органикалық қосындылар жүйесіндегі изотоптардың қызметі теориясының авторы. «Изотоптардың органикалық химиясы саласына қосқан зор үлесі үшін» халықаралық Альфреда Трейбс атын. медалмен марапатталған. Э.М. Галимовтың негізгі ғылыми еңбектері органикалық геохимия, мұнай және газ геологиясы, алмазды түзілу, ай және планеталардың қалыптасу тегі мәселелеріне арналған. Телекөпір – дәріс РФ Тау-кен ғылымдарының академиясының қолдауымен РҒА В.И. Вернадский атын. мемлекеттік геологиялық мұражай базасында өткізілді. Телекөпір аясында академик Э.М. Галимов «Жер-ай жұбының түзілу механизмін қайта қарау және жалпы планеталық жүйенің қалыптасу процестері» атты дәрісін оқыды. Екі сағат бойы Қазақстан және ТМД елдерінің әртүрлі өңірлерінде оқитын студенттер телетрансляция жұмысына белсене қатысты. Студенттер үлкен қызығушылықпен академиктің дәрісін тыңдады. Дәріс соңында Жер-Ай күн жүйесінің қосарлы ерекше планетасын байланыстыратын және олардың жақын серіктестерінің өзара әрекеттесуіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Университеттер академикке алғыстарын білдірді, сонымен бірге осы кездесуді ұйымдастырылған РҒА В.И. Вернадский атын. мемлекеттік геологиялық мұражай өкілдеріне де алғыс айтылды. Телекөпір жұмысын қортындылай келіп, барлық қатысушылар бірлі ақпараттық кеңестікті кеңейтуге және нығайтуға бағытталған осындай байланыстар пайдалы және табысты екенін атап өтті. Мұндай кездесулер студенттер үшін экологиялық көзқарасты қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың маңызы зор. Болашақ мамандар қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыруға және сақтауға, экологиялық талаптар және ережелерді орындауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға жауапкершілікпен дайын болуы керек.
ҚМИУ баспасөз қызметі
ҚМИУ Nazarbayev University өкілдерімен студенттердің кездесуі өткізілді
2018 жылы 18 қазан күні ҚМИУ соңғы курс студенттері Nazarbayev University өкілдерімен кездесті.
Nazarbayev University өкілдері студенттерді «Nazarbayev University» АҚ құрылымында жұмыс жасайтын инженерия, ғылым және технологиялар, гуманитарлы және әлеуметтік ғылымдар, жоғары білім мектебі және жоғары бизнес мектебінің магистратура, докторантурасының академиялық бағдарламаларымен таныстырды. Nazarbayev University 2010 жылы құрылған және Қазақстан Республикасында әлемдік деңгейдегі зерттеу жоғары оқу орны ретінде қалыптасқан. Nazarbayev University халықаралық академиялық стандарттарға сәйкес және академиялық еркіндік және инстутциялық автономия қағидалары бойынша жұмыс жасайды, 2018 жылы осы оқу орны төртінші түлектеріне өмірге жолдама берді. Бүгінгі күні Nazarbayev University жеті мектеп жұмыс жасайды, олар халықаралық алдыңғы жоғары оқу орындарымен стратегиялық серіктестік аясында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алуды ұсынады. Сонымен бірге университет құрамында National Laboratory Astana және Nazarbayev University Research and Innovation System басшылығымен ғылыми орталықтар, пилотты Технопарк және Nazarbayev University Инновациялық кластері құрамында басқа ұйымдар, сонымен бірге «University Medical Center» Корпоративті қордың төрт клиникасы жұмыс жасайды. Nazarbayev University Қазақстанда зерттеу түріндегі жоғары білім беру ұйымдарының жаңа парадигмасын қалыптастыруға және халықаралық білімдік хаб, инновация және білім орталығы ретінде Астана қ. дамуына үлес қосуға ұмтылады. Nazarbayev University қызметі алдыңғы зерттеу, инновациялы және технологиялық, индустриялық дайындыққа және жылдам өзгерістерге және интегрирленген жаһандық экономика талптарына жауап беретін өтпелі кезеңде қазақстандық білім жүйесін қолдауға бағытталған. Кездесу барысында 4 курс студенттері тек ғана Nazarbayev University жүзеге асырылатын білімдік бағдарламалар жайлы ғана емес, сонымен бірге байқауға қатысуға арналған ережелер және қажетті құжаттар туралы мәліметтерді білді. Сонымен бірге студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды. ҚМИУ баспасөз қызметі |