“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚМИУ «Джанлуиджи Магнитоffon» КТК құрама командасы Қарағанды облысы Әкімінің Кубогы үшін күресті

Шахтерлер астанасының тұрғындары көңіл көтергенді ұнатады және біледі. Оған осы ойын дәлел деп білеміз. Бұл кезекті жыл сайынғы дәстүрлі, КТК-ға Облыс Әкімінің Кубогына күресу үшін , Қарағанды облысының серіктес қалалары көңілді тапқырлар клубтарының командалары қатысты. Астананың 20 жылдығына арналған Қарағанды облысы Әкімінің Кубогында өнер көрсеткен Қарағанды Мемлекеттік Индустриялық университетінің КТК « Джанлуиджи Магнитоffon» құрамасы құрметті 2-орынды иеленді, 1 орын иегерлері Қарағанды қаласының КТК құрамасы ., 3 орын Л.Н.ГУМИЛЕВ атындағы КТК командасы

Ойын үш кезеңнен тұрады: таныстыру, ширату және үй тапсырмасы. Онда біздің жігіттер лайықты тамаша ойын жалынды әзіл-оспақ көрсете білді. Әділ қазылар алқасы біздің ойыншылардың тапқырлықтарын бірауыздан қолдап ерекше үлкен ықыласпен атап өтті .

Барлық командалар қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды, ал жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.

Біздің команда бүгінгі таңда Қарағанды облысы бойынша ең мықты командалардың бірі болып саналады және Павлодар Ертіс КТК лигасы мен финалға шықты.

Біздің КТК командасына жаңа және керемет жеңістер тілейміз!

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

20.11.2018, 18:24:49, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ СТУДЕНТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ Н.Ә. Назарбаев ҚОРЫНЫҢ СТУДЕНТТІК ШӘКІРТАҚЫСЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Экономика және құрылыс факультетінің студенті Силаева Татьяна Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н. Ә.Назарбаев Қорының студенттік шәкіртақысын алуға арналған республикалық конкурстың жеңімпазы атанды.

Татьяна “Үздік студент – 2017” атағының иегері, барлық қалалық, облыстық және республикалық іс-шаралардың белсенді қатысушысы.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорының стипендиялары біздің еліміздегі студенттердің білім беру, ғылыми және шығармашылық қызметін насихаттау мақсатында құрылады.

Қатысушылар Қор стипендиаты Н. Назарбаевтың абыройына ие болғанға дейін елеулі конкурстық іріктеуден өтті. ҚР Тұңғыш Президенті Қорының стипендиясы-бұл тек жоғары үлгерімді ғана емес, сонымен қатар үлкен талпыныстар мен табыстарға деген күшті ынталандыру.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінің “үздік” оқитын, оқу орнының қоғамдық, ғылыми-зерттеу, мәдени-кәсіби және практикалық қызметіне белсенді түрде қатысатын студенттері қатыса алды.

Үміткерлер өздерінің жетістіктерін сертификаттармен, грамоталармен, баяндамалармен, жарияланымдармен, сөз сөйлеулермен және сыйлықтармен растауы қажет.

Конкурсқа грант және ақылы негізде оқитын студенттер тең жағдайда қатыса алады.

Байқау екі кезеңде өткізіледі:

  1. Оқу орнының ішінде ұсыну үшін үздік студенттерді іріктеу.
  2. Республикалық турды Қор оқу орындары ұсынған және Конкурсқа жіберілген студенттер арасында өткізеді.

 

Марапаттау рәсімі 2018 жылғы 22 қарашада Алматы қаласы Тұран университетінде өтеді.

Біз жеңімпазды құттықтаймыз және ең биік шыңдарды бағындыруды тілейміз!

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

20.11.2018, 18:21:44, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ студенттері республикалық деңгейдегі латын тіліндегі жалпыұлттық диктантқа белсене қатысты

2018 жылы 14 қарашада сағат 11.00-де ҚМИУ студенттері барлық Қазақстандықтармен бірге латын жазуындағы бірінші республикалық ұлттық диктантқа белсенді қатысты . Бұл біздің университет студенттерінің екінші тәжірибесі, осыған ұқсас іс-шара биылғы жылдың көктемінде ұйымдастырылған еді. ҚМИУ біздің аймақтағы ең алғашқы латын жазуындағы жаттықтыру диктантын жазған жоғарғы оқу орндарының бірі болды.

Бұл жолы диктант латын әріпіндегі қазақ алфавитін кеңірек тарату мақсатында ұйымдастырылды, сондай –ақ 2018 жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген латын әліпбиінің дағдыларын игеру және меңгеру.

Диктанттың басталуына 15 минут қалғанда студенттерге арнайы қағаз бен қалам сонымен бірге көмекші құрал ретінде латын жазуына негізделген әліпби таратылды. Ол студенттерге жазу ережелерін қайтадан бір қарап шығып естеріне сақтап алуға болатын мүмкіндік ретінде үлкен көмегін тигізді.

Диктанттың мәтінін«Қазақ, орыс және шет тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Капашева Жания Құдайбергеновна мәнерлеп оқыды. Диктанттың ұзақтығы 30 минут болды.

Диктанттың шарттары бойынша бірінші оқылымда мәтінді мұқият тыңдау керек , екінші – жазыңыз , үшінші -орфографияның дұрыстығын және сөйлемнің дұрыс жазылғанын тексеру. Келесі бөліктегі мәтінге ойлары мен көңілдерін аудару мақсатында әр дыбыс аралығында үзіліс жасалды.

Диктанттың соңында проектормен көмегімен диктант тақтаға көрсетілді. Әрбір қатысушы өз білімдерін өздері бағалап жаңа алфавитті қолдануға бейімделуін тексеріп, таразылап 5 баллдық бағалау критерийлері бойынша өздерін-өзі бағалауға мүмкіндік алды.

Диктантқа барлығы 400 адам қатысты.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

14.11.2018, 17:47:44, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ –де Президенттік олимпиада болып өтті

Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде, біздің еліміздің мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында табиғи -математикалық цик курс пәні –бойынша жыл сайын өткізілетін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 13-16 қараша аралығында , XI Президенттік олимпиада өткізілді. Дәстүрлі түрде бұл олимпиада соңғы 9 жыл бойы Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың Альма-матер университетінде өтеді.

Президенттің серіктестері және құрметті қонақтардың қатысуымен 13 қарашада олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті .

Жыл сайын өтетін олимпиаданың алға қойған негізгі басты мақсаты мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дарынды, интелектуалды зиялы Қазақстан мектеп оқушыларының патриоттық рухын көтеріп табиғи-матиматикалық ғылымдарды тереңірек зерттеп, оқуға арналған.

Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:

1) Орта білім беру ұйымдарының студенттері арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен дарынды студенттерді анықтау үшін оңтайлы жағдайлар жасау және олардың интеллектуалды дамуы мен кәсіпқойлығы бағдарлау;

2) Табиғи математикалық бағыттағы пәндерді оқып-үйренуге студенттердің қызығушылығын арттыру теориялық білім мен дағдыларды тереңдету;

3) Жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі дамытуға жәрдемдесу.

Президенттік олимпиада жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең – өңірлік – 1 қарашаға дейін;

2) екінші кезең – іріктеу кезеңі 2 турда өткізіледі:

1 тур – қашықтықта – жыл сайын 15 қарашаға дейін;

2 тур – шығармашылық, эссе жазу (1 беттен кем емес,45 минут)

– қашықтықта;

3) үшінші кезең(қорытынды) кезең – республикалық

Барлығы аймақтық кезеңге 2461 бітірушілер қатысып, 1427

мектеп ( оның 557 мамандандырылған, 602 ауылдық мектептер). Оның ішінде қазақ тілді оқыту – 1511.

1 турдың қорытындысы бойынша, келесі кезеңге 407

оқушы жіберілді , 294 жалпы білім беретін мектептер оның ішінде (211 мамандандырылған, 80 ауылдық мектептер). Оның ішінде қазақ тілінде оқыту – 213.

Президенттік олимпиаданың финалға қатысқан барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етіледі сонымен қатар жеңімпаздар мен жүлдегерлері ҚР БҒМ дипломдарымен марапатталады.

Барлық қатысушыларға үлкен табыстар мен жеңіс тілейміз!

Баспасөз қызметі ҚМИУ

14.11.2018, 17:39:01, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар, Олимпиады

ҚМИУ «ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЖӘНЕ ОРФОГРАФИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

 

Осы іс-шараны «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде ҚМИУ «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасымен бірге Теміртау қ. «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімі ұйымдастырды.

Семинарға мемлекеттік тілде оқитын әртүрлі курстардан 50 астам студенттер қатысты.

Іс-шара мақсаты – жаңа латын әліпбінің ережелерін түсіндіру. Теміртау қ. Тілдерді дамыту жөніндегі орталықтың маманы М.Б. Ахметжанова студенттерге латын әліпбіне ауысуға байланысты қазақ тілінің негізгі грамматикалық ережелерін түсіндірді. Осыдан кейін студенттер топқа бөлініп бірнеше тапсырмаларды орындады, осы тапсырмаларды талқылау барысында студенттер қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді.

Семинар материалдарын латын әліпбиі бойынша диктант жазу кезінде көмекші құрал ретінде қолдануға болады.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

09.11.2018, 16:39:20, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар