Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы шетелдік студенттерге, оның ішінде республика азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты өкілдеріне арналған Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға арналған стипендиялық бағдарламаның басталғаны туралы хабарлайды. Қазақстан (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы №389 бұйрығы).
2021 жылы бакалавриат бағдарламалары бойынша 490, магистратураға 50, докторантураға 10 степендия беру жоспарланып отыр. Өтініштер 2021 жылғы 7 маусымнан 20 шілдеге дейін қабылданады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша стипендиялық бағдарламаға қатысатын жоғары оқу орындарының тізімін анықтады. Толық ақпарат сайтта көрсетілген: https://enic-kazakhstan.kz/.
Қосымша ақпаратты мына байланыс телефоны арқылы алуға болады: 8 7172 287526, электрондық пошта: admission@n-k.kz.
Кітапша
Қарағанды индустриялық университетінің кафедралары жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты белсенді дамытуда.
«Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасы негізінде 2021 жылы мамырда Қарағанды техникалық университетінің «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасының магистранты Александр Сергеевич Щербов «Компьютерлер және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Магистранттың өндірістік практикасы VPN технологияларын, технологиялық желілердің сипаттамаларын зерттеу және оларды басқару тақырыбына арналды.
Ғылыми тағылымдама аясында магистрант «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының жұмысымен, оның материалдық-техникалық базасымен, зертханаларымен, кафедраның және жалпы университеттің негізгі ғылыми бағыттарымен танысты, сонымен қатар диссертациясының бір тарауына арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүзеге асырды. Жемісті жұмыс нәтижелері бойынша магистрант А.С. Щербов, өзінің ғылыми кеңесшісімен бірге «ҚарМИУ Хабаршысы» журналына жариялау үшін «Қолданушыларды авторизациялаудың қосымша әдістерін қолдану» атты ғылыми мақаланы дайындады, тағылымдамадан өткендігі туралы сертификат алды.