“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Жатақхана

Қарағанды индустриялық университеті студенттер мен қызметкерлерінің өмірі мен салауатты өмір сүруіне, әлеуметтік жағдайларын жақсартуға қатысты аянбай қамқорлық жасайды. Университетте қызметкерлерге, докторанттар, магистранттарға және отбасылық студенттерге арналған шағын отбасылық пәтерлердің кейбір бөлмелерін қайта жөндеуден өткізілген екі жайлы жатақхана бар.

Жатақханалардың жалпы ауданы 4892 ш.м. құрайды, студенттер 2-3 адамға арналған бөлмелерде тұрады. Университет жатақханадан барлық студенттерге орын беруге тырысады. Студенттерге арналған ҚарИУ жатақханалары сағат 23: 00 дейін ашық. Жатақхана коменданты жатақхананың шаруашылық жұмыстарын басқарады. Ол жиһаз және жабдықтармен қамтамасыз ету, сақтау, пайдалануға беру жұмыстарымен айналысады, бөлмелерді қажетті жөндеумен жұмыстарымен қамтамасыз етеді. Барлық жатақханалар заманауи бейнебақылау жүйесімен, күзетшілермен және автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған. Тұрғындармен өрт қауіпсіздігі ережелеріне қатысты жаттығулар үнемі өткізіліп тұрады.

Студенттерге жатақхана беру туралы келісімшарттар жасау тәртібі.

Студенттерге жатақхананы беру туралы келісім «Жоғары оқу орындарындағы студенттерге жатақхана беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес жасалады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған қажетті құжаттар тізімі:

  1. Жатақханадан орын беруге қатысты ректордың атына жазылған өтініш.
  2. Студенттің жеке куәлігінің көшірмесі.

Құжаттар топтамасын студенттерге қызмет көрсету орталығының (СҚКО) қызметкері қабылдайды және тіркейді. Көрсетілетін қызметті алушыға (студентке) құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат беріледі. CҚКО қызметкері жатақханадағы орындарды бөлу үшін комиссияның қарауына құжаттар пакетін ұсынады. Бір жұмыс күні ішінде комиссия құжаттар топтамасын зерттейді және оң шешім қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу үшін жолдама беріледі.

Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушыға алдын-ала жазылу және жеделдетілген қызмет түрі  көрсетілмейді.

Студенттерге жатақхана беру туралы бұрын жасалған келісімдерді тоқтату  туралы қосымша келісімге сәйкес жүзеге асырылады.

№1 жатақхана
Мекен-жайы: Теміртау қ.
Тищенко көшесі, 41 үй
тел: 8 (7213) 91 14 05

Орындар саны: 600
Тегін орындар: 255
Жатақхана жетекшісі – Күлжан Үсенбекқызы Битасова

 

 

 

 

 

 

 

№2 жатақхана
Мекен-жайы: Теміртау қ.
Тищенко көшесі, 35 үй
тел: 8 (7213) 91 21 74

Орындар саны: 290
Тегін орындар: 108
Жатақхана жетекшісі – Галина Георгиевна Качура