ҚҰМАР Асқар Қанатұлы
ҚҰМАР Асқар Қанатұлы Білімі, кәсіби біліктілігі: 1999-2004 жж. – Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетінің күндізгі бөлімінде “Тарих, құқық және экономика негіздері” мамандығы бойынша оқу, “тарих мұғалімі, құқық және экономика негіздері” біліктілігі (үздік диплом); 2004-2006 жылдары-Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтында 6n0114 “Тарих” мамандығы бойынша магистратурада оқу және тарих магистрін беру (үздік диплом); 2018-2021 жж. – Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD докторантурасында 6D020300 “Тарих”мамандығы бойынша оқу Академиялық тәжірибе: 2004-2011 жылдары – “Семей қаласының Бизнес колледжі”КМҚК әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушысы; 2005-2007 жылдары – “Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институты”РМҚК студенттік газетінің баспасөз хатшысы, редакторы; 2010-2016 жылдары – “Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті”РМК Тарих және құқық кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, баспасөз хатшысы; 2016-2018 жылдары – “Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті”РМК білім алушыларға қызмет көрсету орталығының басшысы; 2020-2022 жылдары – “Семей қ. ә. Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармония” КМҚК директорының орынбасары. 2021-2022 жылдары – “Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті” КЕАҚ тарих және құқық кафедрасының оқытушысы ((толық емес); 2022 – қазіргі уақытқа дейін-“Қарағанды индустриалды университеті”КЕАҚ Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы Оқытылатын пәндер: Қазақстан тарихы, Әлеуметтану және саясаттану, құқық негіздері, Философия. Куәліктер немесе кәсіби тіркеу: 2013-2014 ж. – Түркия, Конья қаласындағы “Necmettin Erbakan University” – де “1.47 Т Тарих” мамандығының тағылымдама бағдарламасы бойынша ҚР Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясының иегері сертификаты; 2013-2016 жылдары – “World Federation of Kazakh kures” мүшесі (Дүниежүзілік қазақ күрес федерациясы); 2013 ж. – Беларусь, Минск қ. қазақ күресінен IV Әлем чемпионатына қатысушының сертификаты; 2013 ж. – Түркия, Анкара қ., қоғам қайраткері Хасан Оралтайды еске алуға арналған TURKSOY ғылыми форумына қатысушының сертификаты; 2014 ж. – Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласындағы “Ist World Nomad Games” төрешілік сертификаты; 2014 ж. – Қазақ күресінен V Әлем чемпионатына қатысушы сертификаты, Орынбор қ., Ресей; 2016 ж. – Түркия, Стамбул қ. “Bogazici University” (Босфор университеті) ғылыми тағылымдамадан және мұрағаттық практикадан өткені туралы сертификат; 2014 ж. – Қазақ күресінен VI Әлем чемпионатына қатысушы сертификаты, Қытай; 2019 ж. – Түркия, Измир қ. “Ege University” (Эгей университеті) ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификат. Марапаттар, сыйлықтар: 2007 ж. – Семей қаласы әкімінің Алғыс хаты; 2014 ж.-3 дәрежелі Диплом, қазақ күресінен V Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Орынбор қ., Ресей; 2015 ж. – ҚР Президентінің Алғыс хаты; 2015 ж. – “Қазақ күресінен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері”атағын беру; 2020 ж. – “Халық алғысы” медалі (ҚР Президентінің 24.09.2020 Жарлығы).