ПРЕСС-РЕЛИЗ
[Дата публикации: 28.11.2022, 17:38:52, жариялауды: Sergey Plotnikov]
Қарағанды индустриялық университетінде
«Білім берудегі инновациялық тәсілдер» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді
2022 жылғы 29 қарашада Қарағанды индустриялық университетінде «Білім берудегі инновациялық тәсілдер» атты республикалық ғылыми – әдістемелік конференция өтеді.
Конференция білім беру саласы өкілдерінің ашық диалогы үшін кеңістік құру және білім берудегі үздік тәжірибелермен алмасу мақсатында өткізіледі. Конференцияға қатысушылар академиялық үдерістерге инновациялық білім беру әдістерін, білім беру технологияларына қатысты жаңа әзірлемелер мен жетістіктерді, инновациялық білім беруді әдістемелік қамтамасыз ету нысандары мен білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға байланысты жаңа тәсілдерді қолдануға қатысты мәселелерді талқылауы тиіс. Конференцияда ақпараттық технологияларды білім беру үдерісі мен мәдениетаралық коммуникацияда қолдануға, парасаттылыққа тәрбиелеу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелеріне арналған баяндамалар ұсынылады.
Конференцияға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары, колледждері мен мектептерінің оқытушылары, әдіскерлері, магистранттар және докторанттар қатысады. Конференция жұмысына қатысу үшін 70-тен астам баяндама ұсынылды.
Қарағанды индустриялық университетінің Басқарма Төрағасы – ректоры, академик Абдрасилов Болатбек Серікбайұлы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Ахтанұлы Төлеубаев құттықтау сөз сөйлейді.
Конференция жұмысы жалпы отырыстан басталып, онда келесі қатысушылардың баяндамалары тыңдалады:
1.Ertan Yildirim мырза, PhD доктор, “Гази” университетінің қауымдастырылған профессоры, Стамбул қ., Түркия;
2.Олейник Василий Иванович мырза, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы;
3.Қапашева Жания Құдайбергенқызы ханым, Қарағанды индустриялық университетінің “Жалпы білім беру пәндері” кафедрасының аға оқытушысы.
Пленарлық отырыстан кейін конференция жұмысы келесі фокус-топтарда жалғасады:
1.Академиялық адалдық университеттің тұрақты дамуының негізі ретінде.
2.Оқыту мен оқуды цифрландыру.
3.Білім берудегі жаңа технологиялар мен трендтер.
4.Мамандарды даярлау сапасын арттырудағы оқу-әдістемелік бірлестіктердің рөлі.
Конференция жұмысы аясында “Металлургия”бағыты бойынша Республикалық ғылыми-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Конференция қорытындысы бойынша КарИУ ресми сайтында орналастырылатын конференция материалдарының электрондық жинағын шығару жоспарлануда (https://old.tttu.edu.kz/).
Конференцияның салтанатты ашылуы 29 қарашада сағат 10.00-де, ҚарИУ жаңа корпусының 223-ауд-да (Теміртау қ., Республика даңғылы 30) өтеді.
Жауапты: КарИУ Академиялық саясат Депратмаентінің директоры-Харченко Елена Михайловна (+77479432837), Академиялық саясат Департаменті әдіскері – Бахтиярова Рана Елікбайқызы (+77058643461)
КарИУ баспасөз қызметі.
Просмотров: 1 556