“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Мастер класс туралы есеп жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша “Математика, физика және теориялық механика”.

[Дата публикации: 15.11.2022, 12:18:22, жариялауды: Sergey Plotnikov]

 

Мастер класс туралы есеп

жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша

“Математика, физика және теориялық механика”.

Өткізу күні: 10.11.2022 жыл.

ауд 1-313 уақыт 13:00 сағ.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: доцент Кукало Л. И., доцент Танагузов Б. Т., аға оқытушы Холодова г. м., аға оқытушы Шаяхметова Г. А., аға оқытушы Карипбаева А. Р.

Іс-шараға қатысушылар: орыс және қазақ бөлімшелерінің барлық білім беру бағдарламаларының 1-2 курс студенттері.

Іс-шараның мақсаты: әр түрлі топтардың, әр түрлі факультеттердің студенттерін идеялармен, тәжірибелермен, білімдермен алмасу үшін біріктіру.

Міндеттері:

  • теориялық білімін практикада қолдану қабілетін тереңдету; студенттердің білімін кеңейту;
  • білім алушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру және дамыту; жеке қабілеттерін ашу; әдебиеттермен, интернет ресурстармен және аспаптармен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. байқау, салыстыру, қорытынды жасау қабілеттерін дамытуға ықпал ету. өз пікірін айту;
  • кәсіптік тәрбиені іске асыру; оқуға жеке жауапкершілікті тәрбиелеу, пәнге қызығушылықты қалыптастыру, оқушылардың коммуникативтік қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал ету.

Техникалық қамтамасыз ету: іс-шара жаңа технологияларды қолдану арқылы өткізілді.

Іс-шара барысы: аға оқытушы Г. А. Шаяхметованың мақсаты мен міндеттерін баяндаған кейін, студенттер тақырыптарын қорғайды. Студенттер 6-7 минут ішінде тақырыбын толық ашатын 20-дан аспайтын слайд ұсынуы керек.

Бірінші кезеңде олар өздерінің ғылыми тақырыптарын ашып, корғады:

1. “Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстағы алтын қатынас” Харин Эльдар ЭӨН-21 тобының студенті

2. “Музыкадағы математика” Онищенко Александр ЖЭ-22 тобының студенті

3. «Адам өміріндегі математика» Үмбетбаев Алтынбек АЖ-22с тобының студенті

4. «Бағдарламалаудағы физиканың орны». Шахов Никита МҚӨ-21 тобының студенті

5. «Физика-1 пәнінің эксперименттік бөлімі» Қүндебай Нұрсезім ФӨТ-21к тобының студенті

6. «Физика-2 пәні бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізудегі қажетті ережелері» Сәрсенбай Ұлдана АЖ-21 тобының студенті

7. «Физика-болашақ фармацевтерге» Елу Құндыз ФӨТ-21к тобының студенті

8. «Стандарттау, метрология және сертификаттау» Түлкібай Назым ФӨТ-21к тобының студенті

9. «Термоста болатын физикалық құбылыстар» Бақтияр Әубәкіров ФӨТ-21 тобының студенті

10. «Менің керемет досым және физика» Оспанова Жазира ФӨТ-21к тобының студенті

Екінші кезеңде ТФП-21к тобының 2 курс студенті Абулла Аселмен Әбілқасым Ақжүніс өздерінің TikTok-тарын көрсетіп, қысқаша қорытынды жасады.

Іс-шараның үшінші кезеңіне «ми шабуылы» бойынша, студенттер плакатқа қорытынды жасап, оларға түсініктеме беріп, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға шақырды.

Іс-шараның соңғы кезеңі рефлексия болды, онда студенттер осы пәндердің байланысы туралы өз пікірлерін білдірді, оларды одан әрі зерттеуге ниет білдірді және олардың пәнаралық байланысын көрсетті, сондай-ақ өткізілген іс-шара үшін алғыс білдірді.

Қорытынды: осы іс-шараны өткізу кезінде мақсатқа қол жеткізілді.

Студенттерді марапаттау іс-шара қорытындысы бойынша өтті:

1. 1 орын «Бағдарламалаудағы физика орны» баяндамасымен МҚӨ-21 тобының студенті Шахов Никитаға өз бағдарламасын әзірлегені үшін берілді.

2. 2 орын «Физика 2» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізудегі қажеттілігі” атты баяндамасымен АЖ-21 тобының студенті Сәрсенбай Ұлданаға ғылыми үлесі мен жаңалығы үшін берілді.

3. 3 орын «Музыкадағы Математика» баяндамасымен ЖЭ-22 тобының студенті Александр Онищенкоға әртістік және ерекше қойылымы үшін берілді.

Студенттер естелік сыйлықтар мен тәтті сыйлықтар алды.

Іс-шара соңында студенттердің осындай іс-шараларды жиі өткізуге ұсыныс білдірді.


Просмотров: 412
15.11.2022, 12:18:22, Sergey Plotnikov Тараулар: Жаңалықтар