ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
[Дата публикации: 18.11.2022, 16:56:47, жариялауды: Sergey Plotnikov]
Энергетика, көлік және басқару жүйелері кафедрасының әдістемелік апталығы аясында 2022 жылдың 18 қарашасында техника ғылымдарының кандидаты, «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының доценті Ашкеев Жасұлан Аманжолұлы 6В07107 «Өнеркәсіптің технологиялық жабдықтары» және 6В07110 «Көтергіш, құрылыс және жол көліктері» білім беру бағдарламаларының студенттеріне тәжірибелік зерттеулерді өткізу негіздерін оқыту мақсатында «Толық факторлы эксперимент» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында студенттер ғылыми зерттеудің негізгі әдісі болып табылатын толық факторлық тәжірибені іске асыру әдістемесімен танысып, машиналар мен технологиялық процестерді жобалаудағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына дағдыланды. Алынған білім студенттерге болашақта дипломдық және курстық жұмыстарды орындауға көмектеседі.
Просмотров: 576