“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНҒА ҚАТЫСТЫ

[Дата публикации: 22.11.2022, 16:53:47, жариялауды: Sergey Plotnikov]

 

2022 жылдың 18 қараша күні Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультетінің Әдістемелік апталығы аясында Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі кафедрасының ұйымдастыруымен «ҚарИУ – IQ» интеллектуалдық сайысы өтті.

Университеттің жас маман, оқытушылар құрамы, магистранттардың жан-жақты білім деңгейін көрсету және азаматтық әрі ашық қоғамның қағидаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отырған шараны кафедра меңгерушісі М.С.Солтан алғысөзбен бастап, қазылар алқасының төрайымы ретінде сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа оқытушылардан құралған «Достық» командасы, жас мамандардың «Сұңқар» командасы, магистранттардың «Арлан», қолданбалы білім бағдарламасының «Арыс» және «Барыс» командалары қатысты.

3 раундтан тұрған интеллектуалдар сайысында командалардың өзара бәсекелестігі соңына дейін жалғасып, өте тартысты эмоцияға толы ойын нәтижесінде Бас жүлдені «Сұңқар» командасы иеленді.

Университеттің стратегиялық даму жөніндегі проректоры м.а. Махмұтов Болат Бижанұлы марапаттау рәсімін жүргізіп қана қоймай, жүрекжарды лебізін өлең жолдарымен келтіріп, қатысушыларға арнау оқыды.

Ойынның ұйымдастырушысы ҚТ,ӘГПжДТ кафедрасының аға оқытушысы А.Құмар мұндай мәндегі ойындардың алдағы уақытта жалғасын табатынын жеткізді.


Просмотров: 644
22.11.2022, 16:53:47, Sergey Plotnikov Тараулар: Жаңалықтар