“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ҮШІН КӨШПЕЛІ АКТИВ ӨТТІ!

[Дата публикации: 11.09.2022, 13:25:50, жариялауды: Sergey Plotnikov]

 

 

🗓9-11 қыркүйек аралығында Қарқаралы ауданында ▫«Жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамыту және қолдау»▫ жобасы аясында Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару органдарының мүшелері үшін көшпелі актив өтті.
🎯Жобаның мақсаты: әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдыларын игеру арқылы жастардың қазіргі қоғам жағдайында өзін-өзі жүзеге асыруға жеке дайындығын қалыптастыру.
Студенттік өзін-өзі басқару – жан-жақты дамыған, шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға, белсенді өмірлік ұстанымға, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті заманауи мамандарды даярлауға бағытталған ЖОО тәрбие жұмысының бір түрі. Іс-шараға студенттік өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, орта мектеп оқушылары, ЖОО және колледж студенттері қатысты.
🔸Іс-шара шеңберінде Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарының оқитын жастары үшін тренингтер, актив қатысушылары үшін оқыту тренингтері, экскурсиялар өткізілді.

🔹Тренингтер барысында: белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы және көшбасшылық қасиеттер мен дағдыларды дамытудағы оқушылар мен жастардың өзін-өзі басқару органдарының рөлі туралы; облыстың ЖОО-да студенттік өзін-өзі басқару органдарының жүргізіп жатқан жұмыстары туралы; волонтерлік қызмет туралы; ЖОО-ның, оның ішінде жатақхананың, жүргізіліп жатқан тәрбие жұмысына қатысу туралы; студент жастардың мәселелерін анықтау және оларды шешуге қатысу туралы; талантты жастарды қолдау және т.б. мәселелер көтерілді.
Іс-шараны өткізу маңызды мәселелерді шешуге және студенттік бастамаларды іске асыруға, студенттердің әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған студенттердің қоғамдық қызметін қолдауға ықпал етеді.
Іс-шара барысында студент жастар бір-бірімен достасып, пікір алмасты. Ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, аталған шараны жыл сайын өткізу тиімді болатынын жеткізді. Шара соңында Қарағанды индустриялық университетінің белседі студенттері Тілеубек Арайлым, Өмірәлі Самат, Күндебай Нұрсезім және Тлеубергенов Қаршыға куәлік табыс етілді.


Просмотров: 649
11.09.2022, 13:25:50, Sergey Plotnikov Тараулар: Жаңалықтар