Бүгін 1 қыркүйек ел іргесі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан…
[Дата публикации: 01.09.2022, 19:46:07, жариялауды: Sergey Plotnikov]
Бүгін 1 қыркүйек ел іргесі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің ең өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бастамаларды атап өтті. Жолдаудың негізгі басымдықтары -экономиканың барлық салаларының жұмысын сапалы арттыру және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту.
Президентіміз ұлт сапасын арттыруда үлкен рөл атқаратын мәселелерге – мектепке дейінгі білім беруден бастап жоғары білімге дейінгі білім беру жүйесіне ерекше назар аударды. Балабақша тәрбиешілерінің әлеуметтік мәртебесін, жалақысын көтеру, осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптарды бекіту қажеттігі айтылды. Балаларға барлық пәндер бойынша базалық білім беретін, өскелең ұрпақты патриотизм рухында және жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелейтін мектеп мұғалімдерінің зор рөлі атап өтілді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өз Жолдауында жоғары білімге, оның сапасы мен еліміздің барлық жастары үшін қол жетімділігін арттыру қажеттілігіне баса назар аударды. Президент отандық жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасының артуына қарай оларда оқу құны да өсетінін атап өтті. Мемлекет ҰБТ нәтижелері мен басқа да көрсеткіштерге байланысты мөлшері 30-дан 100 пайызға дейін сараланатын білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ оқуға жылдық 2-3 пайызбен жеңілдетілген несие берілмек. Бұл шаралар жоғары білімді қол жетімді етеді. Студенттік жатақханалар туралы мәселе көтеріліп, осындай нысандарды салудың нақты жолдары ұсынылды.
Мемлекет басшысының барлық бастамалары елдегі жағдайды жақсартуға, білім беру сапасын арттыруға, Тәуелсіз еліміздің бірлігін нығайтуға бағытталған. Бұл ел азаматтарының ел үшін өз қабілеттерін көрсетуге арналған ерекше мүмкіндік. Еліміздегі жоғары оқу орындарының басшылары осы тапсырмалардың барлығын жүзеге асыруға бірден атсалысатынына сенімдімін.
Просмотров: 834