“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІМЕН БІРЛЕСЕ; БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫН ІСКЕ ҚОСТЫ!

[Дата публикации: 27.09.2022, 19:26:37, жариялауды: Sergey Plotnikov]

 

Қазақстандықтар 1450 нөміріне қоңырау шалу арқылы білім және ғылым төңірегіндегі сұрақтарға жауап ала алады.

Байланыс орталығының жұмыс уақыты – күнделікті сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

«Байланыс орталығы іске қосылғалы бері бір тәулік ішінде Колл-орталыққа орта есеппен 300-ден астам қоңырау түсті. Азаматтар мектепке дейінгі, негізгі орта білім, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің түрлі мәселелері бойынша өтініш білдіреді. Мамандар әрбір жүгінген азаматқа түсініктеме береді. Студенттер мен ата-аналар оқуға қалай түсуге болатыны, Жоғары оқу орнын қалай таңдап, біреуінен екіншісіне қалай ауысу керектігі жайлы және басқа да мәселелерге байланысты сауалдар қойған», – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов.


Просмотров: 387
27.09.2022, 19:26:37, Sergey Plotnikov Тараулар: Жаңалықтар