“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ САЯСАТ НҰРБЕК ЕЛІМІЗДЕГІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

[Дата публикации: 14.07.2022, 18:59:03, жариялауды: Sergey Plotnikov]

 

Қабылдау комиссияларына бармай-ақ, құжаттарды онлайн-режимде тапсыру мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.

Алғашқы күннің бірінші жартысының өзінде талапкерлерден 4 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның ішінде 600-ге жуық талапкер құжаттарын үйден шықпай-ақ ЖОО-ның виртуалды қабылдау бөлмелері арқылы өткізген. Жалпы шекті деңгейден 103 мыңнан астам адам өтті. Айта кеткен жөн, биыл ұлттық жоғары оқу орындары үшін өту балы 65, өзге жоғары оқу орындарына ҰБТ қорытындысы бойынша кемінде 50 балды құрады.

Талапкерлердің өздері таңдаған университетке барып құжат тапсыруы міндетті емес екеніне назар аударғым келеді. Яғни, басқа қалаға барудың қажеті жоқ. Бұны жақын жердегі немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру арқылы немесе онлайн жүзеге асыра аласыз, – деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Әр ЖОО қабылдау комиссияларының құрамында қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын арнайы топты құрады. Мысалы, Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде құжаттар офлайн және онлайн түрде қабылданады. ЕҰУ-дың виртуалды қабылдау бөлмесі еліміздің шалғай аймақтарынан келген талапкерлерге арналған. Ол 2020 жылы пандемия кезінде құрылды. Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін ЕҰУ-да бакалавриат, магистратура және докторантура үшін электрондық кезек жүйесі жұмыс істейді және бірнеше функционалды аймақ құрылған. Сондай-ақ, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы қарастырылған, онда оқуға түсушілер арнайы орнатылған компьютерлерге өтініш беру үшін құжаттарды дайындай алады.

Осы апта ішінде қабылдау комиссияларына 100 мыңнан астам талапкер жүгінеді деген сенімдеміз. Бүгін біз барлық жоғары оқу орынының басшылығымен арнайы кеңес өткіздік. Негізгі мәселелер пысықталды. Талапкерлер үлкен өмірге сәтті қадам басуы үшін, біз бар күшімізді саламыз, – деді Саясат Нұрбек.

ЖОО мен виртуалды қабылдау комиссиялары бойынша барлық қажетті байланыс ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған www.testcenter.kz.


Просмотров: 1  766
14.07.2022, 18:59:03, Sergey Plotnikov Тараулар: Жаңалықтар