1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ!
[Дата публикации: 01.05.2022, 11:45:45, жариялауды: Sergey Plotnikov]
1 мамыр Қарағанды индустриялық университетінде еліміздің барлық өңірлерінде дерлік тойлататын Қазақстан халықтарының бірлігі күні аталып өтті. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең айтулы мерекелердің бірі. Шараның мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Іс-шараға факультет декандары, факультет декандарының орынбасарлары, кафедра оқытушылары, белсенді студенттер қатысты.
Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Салпенова Мадина Мейрамқызы бұл атаулы күн ұлтты біріктіретін жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын көрсететінін атап өтті.
«Қазақстан тарихы, қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Солтан Магира Солтанқызы өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымы туралы айтты.
Іс-шара соңында Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу екенін айта кетті.
Просмотров: 279