“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Болашақ жастары» облыстық дебат турнирі

[Дата публикации: 12.12.2021, 17:34:10, жариялауды: Umit Khuangan]

 

 

11 желтоқсан Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Болашақ жастары» облыстық дебат турнирі өтті.

Дебат турниріне Қарағанды өңірінің барлық жоғары оқу орындары қатысты. Біздің университеттен 3 команда өнер көрсетті. Құрамына келесі студенттер кірді: Сәкенқызы Дана, Тілеубек Арайлым, Бақыт Нұрай, Ілияс Ыбырай, Нұрланұлы Бақдәулет.


Турнирге біздің дебатерлерді дебат клубының жетекшісі Жүмәлі Нурикамал дайындады. Дебат турнирінің қорытындысы бойынша біздің дебатерлер өте мықты білім мен жақсы ойын көрсетті. «Үздік спикер» номинациясында Бақыт Нұрай жеңіске жетті.

Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы жеңістер тілейміз!

 

 

 


Просмотров: 1  135
12.12.2021, 17:34:10, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар