22-27 қараша аралығында ҚарИУ спорт залында университет студенттері үшін бірқатар жарыстар өткізілді
[Дата публикации: 29.11.2021, 16:19:01, жариялауды: Umit Khuangan]
✍🏻Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 22-27 қараша аралығында ҚарИУ спорт залында дене шынықтыру және спорт секциясы университет студенттері үшін бірқатар жарыстар өткізді.
1-4 курс білім алушылары арасында футбол, волейбол, гір спорты бойынша спорттық жарыстар өткізілді, олардың мақсаты спорттық ойындарды насихаттау және студенттерді салауатты өмір салтына тарту болды.
🏋🏻♀️Гір спортына бес салмақ дәрежесінде 40 адам қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша өз салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленді:
60 келіге дейін-Нұритдинов Мұрат
70 келіге дейін-Кәрім Азамат
80 келіге дейін-Саитов Даниил
90 келіге дейін – Сейфулаев Адлан
90 келіден жоғары – Азамат Бекжан
⚽️Футболға 6 команда қатысты. Жарыс екі кезеңде өтті, бірінші кезең олимпиада жүйесі бойынша, екінші кезең командалар шеңберде ойнады. Ойындар барысында келесі орындар бөлінді: 🥇1 орынды Қыран командасы – 4 курс студенттері, 🥈2 орынды Альянс командасы – 3 курс студенттері, 🥉3 орынды Роял командасы-1 – 3 курс студенттері иеленді
🏀Қыздар мен ұлдар арасында волейболдан жарыс екі кезеңде өтті. Бірінші кезең оқу топтары арасында іріктеу турларын қамтыды. Екінші кезеңде жеңімпаз топтардың студенттері кездесті. Тартысты матчтар барысында орындар келесідей бөлінді:
Волейбол қыздар:
🥇1 – ТФП-20 -2 к командасы
🥈2 орын ТФП-21 -1 к
🥉3 орын ТФП-21 -4 к
Волейбол жасөспірімдер :
🥇1 орын-ТФП-21 -1.2 к командасы
🥈2 орын – ОЭК колледжінің командасы
🥉3 орын-ИСА-21 к командасы
Жарыс қорытындысы бойынша барлық жүлдегерлер грамоталармен марапатталды. КарИУ студенттері Салауатты өмір салты үшін!
Просмотров: 738