“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Республикалық Хакатон

[Дата публикации: 29.10.2021, 17:31:01, жариялауды: Umit Khuangan]

 

ҚарИУ студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Л.Н. Гумилев ат.ЕҰУ-нің 25 жылдығына арналған «Нұр – сұлтан қ. Қазақстанның цифрлық трансформация орталығы» республикалық Хакатонына қатысты.

Хакатон – бұл қала шаруашылығын басқарудың жаңа цифрлық сервистерін әзірлеу бойынша өзекті міндеттерді шешу үшін прогрессивті команданы анықтау және кәсіби дамыту мақсаты болып табылатын докторанттардың, магистранттардың және жоғары оқу орындары студенттерінің бірегей білім беру, жобалау және коммуникациялық форумы.

Хакатонның негізгі мақсаты мен міндеті:

1.Нақты бизнес-міндеттерді жобалық шешу бойынша креативті ойлауды және пәнаралық командалық жұмыс тәжірибесін дамыту;

2.Бизнес-міндеттердің жобалық шешімдерінің деректер банкін қалыптастыру;

3.Жеке жас мамандарды, оқытушылар мен студенттерді оқыту және дамыту;

4.Жастардың жетекші компаниялардың басшыларымен және сарапшыларымен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі;

Жарыс жеке қатысушылар арасында келесі негізгі секциялар бойынша өткізілді:

  • Желілік қауіпсіздік – «IT-alem» үстелдік желілік тренажерын қолдану арқылы
  • Киберспорт – бұл бейне ойындарға негізделген командалық немесе жеке жарыс
  • Тоғызқұмалақ – арнайы онлайн-платформада өткізілетін ұлттық ойын.

Біздің университеттен Хакатонға студенттерден тұратын 2 команда қатысты.

Бірінші топтың қатысушалары: Леонид Карандашев; Валерий Станкевич; Катков Адлан.

Топ жобасының тақырыбы: «Бөлмелерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету үшін бет маскаларын тану жүйесін жасау».

Ал екінші топта Халмурадов Қайрат; Алпысбаева Анелия; Сәрсен Сұлтан бақтарын сынады. Олардың жоба тақырыбы: «Қоқыс шығару процесін оңтайландыру үшін қоқыс бактарын толтырудың қашықтықтан бақылау жүйесін әзірлеу».

Университеттің команда жетекшісі «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Вячеслав Александрович Қонаев болды.

Хакатонның ұйымдастырушылары мен демеушілері

* Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және басқа да өңірлік университеттер;

* Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі

* «Astana Innovations» АҚ

* CISCO Желілік Академиясы

  


Просмотров: 514
29.10.2021, 17:31:01, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар