“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ вакцинация бойынша кездесу өткізілді

[Дата публикации: 29.06.2021, 11:17:29, жариялауды: Әкімшілік]

 

Ағымдағы жылдың 28-29 маусымында Қарағанды индустриялық университетінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация бойынша университет қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Майра Карсакпаевна Асилова, емхана қызметкері және ҚарИУ Стратегиялық даму жөніндегі проректоры Галина Александровна Сивякова университеттің профессорлы-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерімен кездесті.

Іс-шара барысында Галина Сивякова вакцинациялау туралы шешім адамның өзінің денсаулығына қатысты қабылданатын маңызды шешуші қадам екенін баса айтты. «Біздің Басқарманың белсенді мүшесі ретінде мен мерзімді түрде іссапарларға барамын, онда мен адамдармен жиі кездесемін, олардың қауіпсіздігі үшін мен де жауап беретінімді түсініп, әріптестерімнің айналасында уақыт өткіземін. Сондықтан мен дереу вакцина алуға шешім қабылдадым және университеттегі жұмыс адамдармен байланысты болғандықтан студенттерге де, оқытушыларға да мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланып, бұл шешімді кейінге қалдырмауға кеңес беремін».

Қазіргі уақытта біздің елде COVID-19 қарсы вакциналар: QazVac, Sinopharm / HayatVax және Sputnik V мақұлданған.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, «20-дан астам адамнан тұратын ұжымдар міндетті түрде Covid-19-қа қарсы вакцина алуы керек».

Sputnik V – тиімділігі 90% жоғары әлемде тіркелген алғашқы үш вакцинаның бірі. 19 866 ерікті қатысқан тестілеу нәтижелері бойынша оның тиімділігі 91,6% құрады. Қазақстан бұл вакцинаны қолданған әлемдегі 27 мемлекет. Елімізде коронавирустық инфекцияға қарсы азаматтарды вакциналау 1 ақпанда басталды.

Естеріңізге сала кетейік, университет студенттеріне арналған «COVID-19 қарсы вакцина алып, жүлде ұтып алыңыз!» акциясы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, біздің университет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген «Ashyq» жобасының белсенді қатысушысы болып табылады. Мобильді қосымша QR кодын пайдаланып келушінің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, QR коды келушілер мен қызметкерлер үшін COVID-19 жұқтыру қаупін азайтады. QR коды жалпы ПТР негізімен (полимеразды тізбекті реакция) үйлестірілген.

Біз, барлығын өз денсаулығына мен өзгенің денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!


Просмотров: 900
29.06.2021, 11:17:29, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар