“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ ректордың студенттермен кездесуі өткізілді

[Дата публикации: 13.05.2021, 17:00:32, жариялауды: Әкімшілік]

 

2021 жылы 12 мамыр күні Қарағанды индустриялық  университетінің ректоры  Болатбек Серікбайұлы Әбдірасіловтың студент жастармен кездесуі өтті, оған 100 астам студенттер оффлайн және онлайн форматында қатысты.

Болатбек Серікбайұлы кездесуде, студенттер кез-келген университеттің басты құндылығы, оның дамуына ықпал ететін адами капитал екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол маңызды міндеттердің бірі – мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, еңбек нарығындағы өзгерістерді ескере отырып, олардың кәсіби өзектілігін сақтау және нығайту екенін айтты.

Стратегиялық мақсаттарды дамыту үшін ректордың айтуынша, алдағы жылдары университеттің инфрақұрылымы айтарлықтай дамиды: акт залы қайта жаңартылады, коворкинг орталығы мен демалыс аймақтары, көпфункционалды спорт алаңы, жаңа үйірмелер құрылады және секциялар ашылады.

Болатбек Серікбайұлы белсенді және талантты жастарды қолдауға ерекше назар аударып, 30 ректор стипендиясын төлеу туралы ұсыныс жасады, ол студенттердің мақұлдауымен қабылданды.

Кездесу барысында студент жастардың өзекті мәселелері талқыланды, белсенді диалог түрінде ең өзекті проблемалар анықталды, жатақханаларды жаңғырту мәселелері қозғалды. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды, сонымен қатар университет пен жатақханаларда жайлы жағдай жасауға бағытталған ұсыныстар да қолдау тапты.

Ұсыныстар мен проблемалық мәселелер ҚарИУ 2021-2025 жылдарға арналған даму жобасында көрініс табады, ең өзекті мәселелер ағымдағы жылдың жоспарына енгізіледі.

Болатбек Серікбайұлы университетіміздің студенттері алдында сөйлеген сөзінде білім алушыларды өмірдің әртүрлі саласында өзін-өзі белсенді түрде танытуға, бірақ ғылым мен оқуды ұмытпауға шақырды: «Біздің университетте айтылған барлық ұсыныстарды ескере отырып, барлық жағдай жасалады, сіздер тек жақсы білім алып қана қоймай, шығармашылықта, ғылымда, спортта және қоғамдық өмірде өзіңізді жақсы жақтарыңыздар көрсетуге тырысу керек»- деді..

Кездесу соңында студенттер ректорға кездесу үшін алғыс білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.


Просмотров: 1  072
13.05.2021, 17:00:32, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар