“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Парасаттылық мектебі «Пайда ойлама, ар ойла!» тақырыбында конкурс өткізді

[Дата публикации: 30.04.2021, 11:32:39, жариялауды: Әкімшілік]

 

28 сәуірде «Парасаттылық мектебінің» әдістемелік апталығының үшінші күні «Пайда ойлама, ар ойла!» тақырыбындағы университетішілік студенттер конкурсына арналды.

Аталған шараның мақсаты:

– данышпан ойшыл, сазгер, ұлы ақын Абай Құнанбайұлы шығармашылығы арқылы жастар ортасында парасаттылық, адал еңбектену, әдеп, өнер, білім, ғылымды игеру сияқты рухани құндылықтарды дәріптеу;

– жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын, ЖОО-дағы академиялық адалдық принциптерін насихаттау;

– ЖОО білім алушыларының тұлғалық тұрғыдан рухани мәдениетін жетілдіру, патриоттық сезімдерін арттыру.

Конкурс ҚарИУ-дың стратегиялық даму бойынша проректоры т.ғ.к.,профессор Г.А.Сивякованың алғысөзімен ашылды.

​Конкурс «Көркемсөз оқу шебері», «Абыройлы студент», «Үздік қойылым», «Үздік әнші» номинациялары бойынша өтті. «Көркемсөз оқу шебері» номинациясы бойынша Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла!», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» атты өлеңдері бойынша үздіктер таңдалса, «Абыройлы студент» номинациясы бойынша үздіктер көрермендер арасынан ҚарИУ білім алушыларының адалдық Кодексі мен «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл туралы» Заңы бойынша блиц сұраққа жауап бергендер арасынан таңдалды.

​«Үздік қойылым» номинациясында Абайдың пайдакүнемдік, ар, әдеп туралы 1 қарасөзі бойынша сахналық көрініс көрсетілді.

«Үздік әнші» номинациясында Абайдың «Бойы бұлғаң» әні бойынша үздіктер анықталды.

​Конкурс нәтижесінде 1 орынды «Үздік қойылым» номинациясы бойынша Абайдың 29 қарасөзі негізінде көрсетілген қойылым иеленді. Қойылым жеңімпаздары МиТНМ-19к тобының студенттері Ибраева Адина мен Амина, Сиқымбаев Серғали,Съезбекұлы Темір, Қапанова Сәттігүл және МЦМ-19к тобының студенті Әблез Бекзат, ТФП-20к-1 тобының студенттері Сатынбаева Асель, Адильбаева Жанэль, ОМД-20к тобының студженті Сериков Мейрамбек,МЧМ-19к Зайнаев Алижан.

​Екінші орынды «Үздік әнші» номинациясы бойынша ТФП-19к-1 тобының студенті Меңдіғалиева Ұлдана жеңіп алды.

​Үшінші орынға екі жеңімпаз анықталды: бірі «Қарасөз оқу шебері» МиТНМ-18к тобының студенті Ағарыс Ақбота, екіншісі «Үздік әнші» номинациясы бойынша АиУ-17к тобының студенті Қылышбаева Нұргүл.

​Ынталандыру сыйлығын МЧМ-19к тобының студенті Зайнаев Алижан иеленді. Ал «Абыройлы студент» номинациясы бойынша ТФП-20к-1 тобының студенттері Жаңабек Мерей, Илесбек Әйгерім жеңімпазы атанды. Сыйлық ретінде с.Сейфуллин атындағы облыстық драмтеатрға спектакль билеттері табысталды.

Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.


Просмотров: 902
30.04.2021, 11:32:39, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар