“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Ыбырай Алтынсарин туындыларындағы менің сүйікті шығармам»

[Дата публикации: 26.04.2021, 17:12:59, жариялауды: Әкімшілік]

 

Міне биыл қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлғаның, алғашқы педагог Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толып отыр. Мүндай айтулы датада Қарағанды индустриялық университетінің «Қазақ, орыс және шет тілдері» кафедрасы ұйымдастыруымен жастарға ағартушының бізге қалдырып кеткен еңбектерін қадірлеп, ол еңбектердің мәңгі өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында «Ыбырай Алтынсарин туындыларындағы менің сүйікті шығармам» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Ыбырай Алтынсарин — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері, қазақ жастарын оқуға, ізгілікті, мейірімді, еңбекқор болуға, өз халқын сүюге, бір сөзбен айтқанда, “адам” деген құрметті атағын ақтай білуге шақырған. Ол бұл міндеттерді жастар ерте жастан дұрыс тәрбиеленген жағдайда ғана орындауға болатындығын түсініп, айтқан. Ыбырай осы мақсатқа өзінің оқытушылық, поэзиялық, жазушылық және аударма жұмыстарын арнады.

Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына қызығушылығын танытқан университеттің 1,2 курс студенттері қазақ және орыс тілінде Ыбырай туындыларын мәнерлеп оқып, көркем сөз өнерін көрсетті. Байқау қатысушылары сертификаттармен, ал жеңімпаздары 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды:

Бірінші  дәрежелі дипломмен марапатталған – Сақтапберген Арслан, жетекшісі- «Құрылыс»кафедра оқытушысы Касенова А.Н. .

Екінші орын :

Жапар Нұрила-жетекшісі «КРиИЯ» оқытушысы Жандильдина С.А..

және Адильбекова Жанель- жетекшісі «КРиИЯ» оқытушысы Нургалиева А.А.,

Үшінші орынды үш студент иеленді:

Жимахан Әсел- жетекшісі Жандильдина С.А.,

Акимов Асхат- жетекшісі -Нургалиева А.А.,


Просмотров: 723
26.04.2021, 17:12:59, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар