“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ жанындағы Техника-экономикалық колледж студенттерімен «Қазақстан азаматтары» ҮЕҰөкілмен кездесу өткізілді

[Дата публикации: 30.03.2021, 15:38:27, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қазақстан Республикасында діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде. «Теміртау қаласының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» КММ жетекшісі Нұрлыбек Елеусізұлы Өтебаев ҚарИУ жанындағы Техникалық-экономикалық колледж студенттерінің «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дмитрий Сергеевич Полтаренкомен кездесуін ұйымдастырды..

Бұл кездесудің басты мақсаты – белгілі бір дін туралы, мемлекеттің дінге қатынасы туралы дұрыс емес ақпарат пен бұрмаланған ойлардың алдын алу болды. Д.С. Полтаренко «Қазақстан Республикасындағы зайырлылық қағидаттарының негіздері әр азаматтың конституциялық бостандығының кепілі ретінде» тақырыбына арналған сөз сөйледі. Ол біздің елімізде әртүрлі конфессия өкілдері арасында өзара түсіністік пен өзара сыйластық атмосферасын құру үшін ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын қолдау үшін барлық мүмкіндіктің жасалып жатқанын айтты. Бұл дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұған зайырлы негіздер мен мемлекеттік басқару принциптерін сақтау кіреді. Қазақстан Конституциясына сәйкес, мемлекет өзін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет деп жариялайды. Қазақстандағы зайырлылықтың негізгі қағидасы – дін мемлекеттен бөлініп, мемлекет ішкі істерге және діни қызметтің канондық мәселелеріне, діни ұйымдардың ішкі істеріне араласпайды. Діни ұйымдар мемлекет жүзеге асыратын функциялар мен міндеттермен айналыса алмайды. Сонымен бірге мемлекет өзінің мүмкіндігінше діни ұйымдардың қызметіне құқықтық және әкімшілік қолдау көрсетеді. Және сенушілердің құқықтары мен бостандықтарына ешбір жағдайда нұқсан келтірмейді. Сенушілердің құқықтарын, бостандықтары мен діни сезімдерін құрметтеу. Діни сезімдерді қорлау – бұл жауапкершілікке әкеп соқтыратын Қазақстандағы құқық бұзушылық.

Кездесу диалог түрінде өтті, онда студенттерге талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік берілді. Студенттер  өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауап алғандықтан, өте риза болды.


Просмотров: 687
30.03.2021, 15:38:27, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар