“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ-да жаңа зертханалық кен тотықсыздандыру пеші іске қосылды

[Дата публикации: 12.03.2021, 13:32:06, жариялауды: Әкімшілік]

 

«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-та тәжірибелік-эксперименттік алаң базасында («Б» корпусы) қуаттылығы 150 кВА дейінгі зертханалық кентотықсыздандыру пеші іске қосылды. Пеш қуаттылығы 250 кВА болатын тәжірибелік кентотықсыздандырғыш пешінің негізінде құрастырылды. Пешті іске қосу кезінде тек Мәскеу трансформатор зауытынан шығарылған ОСЗ-250/0,5 УХЛ4 күштік трансформаторы қолданылды. Трансформатор жеті сатылы ток кернеуінен тұрады, 27,4В-тан 71,2В-қа дейінгі. Жаңа зертханалық кен тотықсыздандырғыш пешінде тек 27,5 В-тан 43,1 В-қа дейінгі кернеу қуаттылығы қолданылады. Бұл 150 кВА дейінгі пештің қуаттылығына сәйкес келеді. Қалған қосалқы жабдықтар және электрод реверсінің механикалық механизмі бар электр ұстағыш колоннасы, шинақұбырлар, су салқындатқыш тұйық жүйесі және т.б. бөлшектер тәжірибелік-эксперименттік алаңда дайындалды. Пештің ваннасының негізгі сипаттамалары диаметрі 300 мм және тереңдігі 300 мм, ал пайдаланылған графиттелген электродтың диаметрі 100 мм.

Зертханалық кен тотықсыздандырғыш пешін пайдалануға енгізуді техника ғылымдарының докторы, профессор А.Х. Нұрымғалиевтің басшылығымен аға ұста  Ж. З. Ақылбеков және 6D070900 – «Металлургия» білім беру бағдарламасының III курс докторанттары Т. Т. Жүнісқалиев, Е. Мұхаметхан және Е. К. Қуатбай жүргізді.

Зертханалық кен тотықсыздандырғыш пешінің басты артықшылығы–қуаттылығы 250 кВА болатын жартылай өнеркәсіптік пешке қарағанда энергияны және материалды аз тұтынуында, және де жоғарыда аталған пештегідей технологиялық міндеттерді шеше алуында.

Пешті пайдалануға жалпы басқаруды жүргізген профессор А.Х. Нұрымғалиевтің пікірінше, бұл «докторанттар мен магистранттар зерттеулерін  іргелі мәселелермен қатар жаңа қорытпалар мен лигатуралар өндірудің қолданбалы мәселелерін де шешудегі университеттің ғылымға деген тағы бір ілгері қадамы. Сондай-ақ ол студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын, дипломдық жобаларын орындауға және жоғары білікті кадрларды даярлауға көп септігін тигізеді».

Кен тотықсыздандыру пешін іске қосу кезінде қондырғыны тексеру мақсатында жоғары күлді көмір мен марганец кенінен Fe-Si-Al-Mn кешенді лигатуралары балқытылды.


Просмотров: 623
12.03.2021, 13:32:06, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар