КарИУ студенттері «Тарихқа тағзым» күніне арналған «Қош келдің, Наурыз» мерекелік іс-шарасына қатысты
[Дата публикации: 18.03.2021, 16:18:25, жариялауды: Әкімшілік]
17 наурызда ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығында «Қош келдің, Наурыз» мерекелік іс-шарасы өтті, оған біздің университеттің студенттері белсенді қатысты.
«Қош келдің, Наурыз!» атты ашық есік күнінің беташар сөзін Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының басшысы С.Саргизова айтып, жиналғандарды Наурыз мейрамымын құттықтады. Іс-шара барысында Ә.Бөкейханов атындағы гимназияның мұғалімі Гүлдана Айкеева халқымыздық ұлттық меркесін тойлаудың мән-мағынасы, оның салт –дәстүрлері жайлы кеңінен әңгімеледі. Мұнан әрі Орталық қызметкерлері Наурыз мерекесінің «Көрісу» дәстүрін көрсетіп, құрметті қонақтармен төс қағыстырып амандасып, тілектерін білдірді. Ал қалалық аналар алқасының мүшелері , ардақты ардагерлер Тағрифа Әбдуахитова мен Сәлима Тоқпаевалар Наурыз мейрамының қасиетті асы наурыз көжені және наурыз дастарханына қойылатын тағамдар жайлы әңгімелеп берді. Мұнымен қатар шараға жиналғандар үшін Теміртау қаласының қолөнер шебері, тігінші Жәмила Абдуллаева шеберлік дәрісін жүргізіп, өзінің қолынан шыққан ұлттық киім үлгілерін көрсетті.Қалалық ақсақалдар алқасының мүшесі Айтжан Исақов ақсақал жастарға Наурыз батасын беріп, ұлық мереке теміртаулық белгілі әнші Жанна Хасенованың «Наурыз көктем» атты тамаша әнімен жалғасты.
Ашық есік күніне қатысқан Қарағанды индустриялық университетінің студенттері мұндай тағлымды шараның тәрбиелік мәні зор екендігін айтып, алғыстарын білдіріп, Наурыз дастарханынан дәм татты.
Соңыннан орталық басшылары ашық есік күнінің қонақтарына ризашылықтарын білдіріп, мерекелік сыйлықтарын табыс етті.
Просмотров: 767