“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ  “ҚарИУ – салауатты өмір салты аумағы” жобасы аясында Ректордың кубогына шағын-футболдан жыл сайынғы дәстүрлі турнир өткізілді.

[Дата публикации: 19.02.2021, 11:42:03, жариялауды: Әкімшілік]

 

Жарыс біздің университетте 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл жарыс 2021 жылдың 15-17 ақпан аралығында өтті.

Жарыс екі кіші топта шеңбер жүйесі бойынша өткізілді. Топтан екі команда шығып, жүлделі орындар үшін күресті. Ойындар қатал бәсекеде, бірақ достық жағдайда өтті. Карантинге байланысты жанкүйерлер өз командаларын белсенді қолдай алмады, бірақ олар спорт залында болмасада командаларға қашықтықтан қолдау көрсетті.

Турнирдің үздік шабуылшысы Мұрат Кенжебаев КТҚЖМ – 19 тобының студенті болды.

Ойын барысында орындар келесідей бөлінді:

1 орынды Сәрсенов Бексұлтан, Зайнаев Әлижан, Шерхан Хужакелдиев, Мұрат Кенжебаев, Темір Сьезбекұлы, Артем Бражников сынды “Ғажайыптар ұрпағы” командасы иеленді.

2 орынды үшінші және төртінші курс студенттері қатысқан “Эверест” командасы алды.

3 орынды екінші курс студенттерінен құрылған “Арыстан” командасы иеленді.

Төрешілікті жарыстың бас төрешісі, спорт шебері Раиса Қасымқызы Колесникованың басшылығымен жоғары курс студенттері жүзеге асырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз!


Просмотров: 527
19.02.2021, 11:42:03, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар