“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ көктемгі семестр басталды

[Дата публикации: 04.02.2021, 11:37:26, жариялауды: Әкімшілік]

 

25 қаңтарда Қарағанды индустриялық университетінде 2020-2021 оқу жылының көктемгі оқу семестрі басталды. Студенттер үшін оқу үдерісі аралас форматта ұйымдастырылған, дәрістер онлайн режимінде, семинарлар, қолданбалы сипаттағы зертханалық және практикалық сабақтар – дәстүрлі түрде барлық санитарлық нормаларға сәйкес 15 адамнан аспайтын шағын топтарда өткізіледі. Экономикалық мамандықтар студенттері үшін «Есептеу технологиясы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Бағдарламалық жасақтама» мамандықтары бойынша оқыту қашықтықтан өтеді.

Университетте студенттерге дәстүрлі (оффлайн) форматта сабақ беру үшін барлық жағдайлар жасалған: қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режим орнатылған, әлеуметтік арақашықтық келесі партада отырғандар арасында кемінде екі метр, зертханаларда 5 метр бір студентке арналған.

Екінші оқу семестрінің басында университеттің барлық жатақханалары барлық санитарлық нормаларға және студенттерге қажетті тұрмыстық жағдайларға сәйкес 100% дайындалған. Жастар комитетінің төрағасы Анастасия Эпанешникова атап өткендей: «Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері студенттерді қабылдауға арналған оқу ғимараттары мен жатақханалардың дайындығын қадағалады. Біз жатақханалардағы бөлмелердің, жуынатын бөлмелердің және душ бөлмелерінің жағдайын тексердік, біз анықтаған кемшіліктер уақытында жойылды».

Тағы бір жағымды тосын сый – бұл барлық курстың студенттері үшін уақытында алынған стипендиялардың толық мөлшері. «Біз стипендияны қаңтар айында толық көлемде және уақытында алдық, сол үшін сізге алғыс білдіргіміз келеді. Алдымызда жақсы көңіл-күймен бастаған оқу семестрі тұр. Қашықтан оқыту кезінде бәріміз университетті, студенттік өмірді сағындық, көптеген қызықты іс-шаралар жоспарланған», – деп ФӨТ-19к тобының старостасы Навруза Хаитова өз пікірімен бөлісті.

 

ҚарИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 503
04.02.2021, 11:37:26, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар