“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

КАРИУДА ТЕМІРТАУ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ОНЛАЙН ЭКСКУРСИЯЛАР ӨТТІ

[Дата публикации: 01.02.2021, 18:02:18, жариялауды: Әкімшілік]

 

Өткен аптада, 2021 жылдың 25-29 қаңтары аралығында Қарағанды индустриялық университетінің «Металлургия және материалтану», «Жасанды интеллект технологиялары», «Энергетика», «Технологиялық машиналар және көлік», «Экономика және бизнес», «Химиялық технология және экология». «Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер», «Металлдарды қысыммен өңдеу» «Қазақ, орыс және шет тілдері» кафедралары  Қабылдау комиссиясымен бірге Теміртау қаласындағы №4, 9, 14, 15, 19, 21, 24, 31, 32, 14 орта мектептерінің  түлектеріне бірқатар онлайн экскурсиялар өткізді. Zoom платформасы онлайн экскурсияларды  өткізу үшін пайдаланылды.

Онлайн-экскурсиялар барысында Қарағанды индустриялық университетінің оқытушылары Теміртау қаласының мектеп түлектеріне білім беру бағдарламалары, университеттің материалдық-техникалық базасы туралы айтып берді.

«Металлургия және материалтану» кафедрасының меңгерушісі Алмас Сатыбалдыұлы Ержанов түлектерге кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша студенттер, магистранттар, мен докторанттардың зертханалық, практикалық жұмыстар мен ғылыми зерттеулерге пайдаланатын жабдықтарын көрсетті.

Онлайн-экскурсиялар кезінде «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасының оқытушылары Светлана Васильевна Кан, Екатерина Владимировна Спичак, Анар Сергазыкызы 11-сынып оқушыларын жақында ашылған ҚарИУ жанындағы «Digital Technologies» құзыреттілік орталығымен, осы орталықта қолданылатын бағдарламалық жасақтамамен таныстырды.

«Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының доценті Евгений Александрович Панин мектеп түлектеріне «Электрондық микроскопия және нанотехнология» инженерлік зертханасының жабдықтарын көрсетті.

«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының меңгерушісі Қайрош Әбілұлы Ноғаев университет қонақтарына 3D-инженерлік зертхананы көрсетті.

«Энергетика» кафедрасының оқытушылары Гүлнара Ғазизқызы Жабалова, Ольга Николаевна Онищенко, Тоғжан Серікқызы Кенжебаева, қолданылатын электр, гидравликалық және пневматикалық автоматика стендтері, сонымен қатар «Кәсіпорын нысандарын энергиямен қамтамасыздандыру»,  «Кәсіпорындар ТКШ нысандарының жылуэнергетикасы» білім беру бағдарламаларында бакалаврларды дайындауда қолданылатын басқа зертханалық жабдықтар туралы айтып берді.

«Химиялық технология және экология» кафедрасының оқытушысы Толғанай Серікқызы Қаппарова студенттерді «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Өндірістік, экологиялық және өрт қауіпсіздігі», «Пайдалы қазбаларды байыту» білім беру бағдарламаларына дайындауда қолданылатын зертханалық жабдықтармен таныстырды.

Қабылдау комиссиясының өкілдері Вячеслав Александрович Кунаев, Ақжарқын Елемесқызы Ибраева ҚарИУ оқуға түсу ережелері, университетте оқудың артықшылықтары туралы айтты.

Онлайн режиміндегі кездесулер мектеп түлектері, олардың ата-аналары мен сынып жетекшілері арасында үлкен қызығушылық туғызды, олар экскурсиялардың ақпараттық мазмұны мен материалдың қызықты презентациясын атап өтті.


Просмотров: 597
01.02.2021, 18:02:18, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар