“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ белсенді студенттеріне белсенді азаматтық ұстанымы және іс-шараларына қатысқаны үшін.Теміртау қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ Алғыс хаттары табысталды

[Дата публикации: 25.02.2021, 11:23:31, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды индустриялық университетінің белсенділері студенттері Бағдат Камаладинов, Навруза Хаитова, Айтолқын Жанәбіл, Перизат Жеңісбекова, Амина Ибраева, Адина Ибраева және Жайлыгүл Сарсенова «Жас Көшбасшы» мектебінің Алғыс хаттарына ие болды. Бұл жобаны Теміртау қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды.

Бір жыл ішінде біздің студенттер көшбасшылық негіздерін оқыды және әр түрлі әлеуметтік және жеке тұлғаға бағытталған іс-әрекеттерде көшбасшылық қасиеттерін дамытуды үйренді.

«Жас көшбасшылар» мектебі – бұл жастардың көшбасшылық қасиеттерін ашудың жаңа алаңы, сонымен қатар қазіргі тақырыптарды талқылау үшін бір алаңда кездесу мүмкіндігі.

Бұл жобаның басты мақсаты – жастар ортасында көшбасшылық әлеуетті дамыту, интеллектуалды дамыған жастардың этномәдени сәйкестілігін сақтау, сондай-ақ олардың арасындағы мәдениаралық байланысты кеңейту Қазақстан Республикасының көп ұлтты қоғамында толеранттылықтың маңызды шарттарының бірі.

Қарым-қатынас дағдылары, шешендік өнер, серіктестік дағдылары, өз мақсаттарына жету жолында ұжымда тиімді жұмыс істей білу – мұның бәрі қазіргі заманғы адам үшін қажетті компоненттер, осының бәрін «Жас көшбасшы» мектебінде білуге болады.

Мектептің оқу жоспарына дәрістер, пікірталастар, семинар-тренингтер, шеберлік сыныптары және басқа да тиісті білім беру түрлері кірді. Карантинге байланысты көптеген сабақтар онлайн режимінде өткізілді.

Сонымен қатар, карантин кезіндегі белсенді жұмысы үшін нағыз көшбасшы ретінде екінші курс студенті Навруза Хаитова Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегимовтің қолынан диплом алды.

Студенттерімізді құттықтаймыз және оларға одан әрі жарқын жетістіктер тілейміз!

 

ҚарИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 556
25.02.2021, 11:23:31, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар