Қариу оқытушыларының ғылыми әлеуеті артып келеді
[Дата публикации: 24.02.2021, 11:27:09, жариялауды: Әкімшілік]
Бүгінгі таңда кез-келген дамыған мемлекеттің басым міндеті-прогрестің күшті қозғаушы күші болып табылатын зияткерлік меншікті құқықтық қорғау. Біздің елімізде зияткерлік меншікті қорғау үшін өнертабыстарға патенттер беріледі.
Патент – өнертабыстың, пайдалы үлгінің, өнеркәсіптік үлгінің не селекциялық жетістіктің айрықша құқығын, авторлығын және басымдығын куәландыратын қорғау құжаты.
Қарағанды индустриялық университетінің ғалымдары авторлық өнертабыстарға патенттер алу бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Университет жыл сайын зияткерлік меншік объектілеріне қорғау құжаттарын (өнертабысқа патент, пайдалы үлгіге патент, авторлық құқықпен қорғалатын куәліктер және басқалар) алады.
Просмотров: 698