“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

[Дата публикации: 27.01.2021, 17:05:06, жариялауды: Әкімшілік]

 

Алматы Менеджмент Университеті және кәсіпкерлік мектебі және ERG компаниясы және Тель-Авив университеті студенттерді стартаптарды құру және жеделдету үшін BigIdeas марафонына қатысуға шақырады. Бұл марафон стартапты нөлден бастауға немесе барын жеделдетуге бағытталған. Бұл біздің студенттер үшін таптырмас мүмкіндік. 12 аптаның ішінде марафонға қатысушылар өздерінің стартаптарын, өнімдерін, қызметтерін нөлден жасайды немесе жұмыс істеп жатқан стартапты кеңейтуге тырысады. Әр топқа тәлімгер беріледі, оған ERG сарапшылары мен елшілері де көмектеседі. Команда 2-ден 4 адамға дейін болуы керек. Барлық курстар мен барлық мамандықтардың студенттері қатыса алады. Марафон онлайн режимінде өтеді. Қатысу тегін. Осыған орай барлығын белсенді қатысуға шақырамыз!
Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаментіне мына телефон арқылы хабарласыңыз: 91-39-01


Просмотров: 718
27.01.2021, 17:05:06, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар