ҚАРАҒАНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
[Дата публикации: 02.11.2020, 11:39:35, жариялауды: Әкімшілік]
Кез-келген ғылыми зерттеулердің, оның ішінде докторлық диссертациялардың негізі ғылыми эксперименттерге негізделген эксперименттік зерттеулер болып табылады. Жас ғалым Мақсат Жарылғасынұлы Әбішкенов ғылыми іс-шараларға белсенді қатысады және өзінің докторлық диссертациясына қатысты ғылыми тәжірибелерін техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жасұлан Аманжолұлы Ашкеевтің жетекшілігімен Қарағанды индустриялықлды университетінің «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасында жүргізеді.
Докторанттың зерттеу объектісі – бірқатар салаларға қажетті металл материалдарынан наноқұрылымды ұзын дайындамаларды алу процесі. Осы кезеңде Мақсат Жарылғасынұлы металл микроқұрылымындағы өзгерістерді зерттеу мақсатында ПСУ-500 гидравликалық прессте жабық матрицада металл дайындамаларын жан-жақты сығымдау процесін эксперименттік зерттеулер жүргізуде. Біздің докторант атап өткендей: «Келешекте зерттеулерді Қ.Сәтбаев университетінің (Алматы қ.) және Честохова политехникалық университетінің (Польша) ғалымдарымен бірлесіп жүргізу жоспарланған».
COVID-19 пандемиясы адамзат өмірінің барлық салаларында, оның ішінде жас ғалымдардың ғылыми қызметіне әсер ететін өзіндік түзетулер енгізіп жатқанына қарамастан, зерттеу тобы болашақтағы ғылыми зерттеулерді дамыту болашағына сеніммен қарайды.
Просмотров: 495