“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қымбатты әріптес!

[Дата публикации: 11.08.2020, 09:13:37, жариялауды: Әкімшілік]

  Сіз осы қиын кезеңнен отбасыңызбен бірге аман-есен өтіп, денсаулығыңызға еш қауіп төнбейтін жағдайда жүрсіз деген үміттемін.

Сізге пандемия жағдайындағы баға жетпес ұстаздық еңбегіңіз үшін, жанкешті жұмысыңыз бен кез келген уақытта балаларымызға тіреу болуға деген ізгі ниетіңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Біз сізбен осынау қиын уақытты еңсеру жолындамыз. Коронавирус пандемиясы баршамыздың тұрмыс-тіршілігімізге әсер етті. Сүрінбей өтуге тиіс түрлі сынақтарға толы уақыт басталды. Осыдан жарты жыл бұрын мұндайды тіпті елестетпеген едік. Өкінішке орай, жақын адамдарымыздан айырылып жатырмыз.

Білім және ғылым жүйесі адами құндылықтарды дәріптеген, ұрпақты тәрбиелеп, білім берген арда азаматтарынан – сала ардагерлерінен, біздің қымбатты әріптестерімізден айырылуда.

Туыстары мен достары көз жұмған әріптестерімнің қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Дәл қазіргі қиын кезеңде жақындарымыз бен өз өміріміздің, денсаулығымыз бен қауіпсіздігіміздің маңызы мен қадірін түсініп, бағалауды үйреніп жатырмыз.

Кез келген қиындық бізді шыңдай түсіп, сынақтар жігерімізді қайрап, рухымызды мықты етеді.

Осынау қиын-қыстау кезеңде бірге болуымыз аса маңызды. Біздің күшіміз – біздің бірлігімізде. Біз кез келген қиын міндеттерді бірде-бір баланы ескерусіз қалдырмай, бірлесе отырып шеше аламыз.

Әріптесім, сізге мынаны айтқым келеді!

Қазір бізге балаларымыз бен олардың болашағы үшін және тек білімі ғана емес, денсаулығы мен моральдық жағдайы үшін де үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Оқушыларымыздың мейлінше қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуына қажетті жағдайдың барлығын жасауымыз керек.

Мемлекет басшысы атап өткендей «Мұғалім – білім беру жүйесінің негізі. Біздің балаларымыздың білім деңгейі мұғалімдерге жасалған жұмыс жағдайларына тікелей байланысты». Президент бұл сөздермен мұғалімдердің білім беру жүйесіндегі рөлінің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отыр.

Ұстаздардың тек мектепте ғана емес, өмірде де көшбасшы екеніне сенімдімін. Бүгінгі таңда бізге балалар мен олардың ата-аналары ғана емес, бүкіл ел үміт артып отыр. Сондықтан қазіргі жағдайда біздің міндетіміз тек оқыту ғана емес, сонымен қатар тұрақтылық пен сенімділікке бағыт беру. Шыдамды болып, мейірімділік пен ұстамдылық таныта біліңіз. Оны оқушыларыңызға да үйретуге тырысыңыз.

Жағдай орнығады. Дәрігерлермен бірігіп біз індетті бірге жеңеміз, бұрынғы өмір біртіндеп қалпына келе бастайды. Оған дейін бәріміз оқушылар мен ата-аналарға және бір-бірімізге тіреу бола білуіміз қажет.

Алғыс айтудың ешқашан артықшылығы болмайды. Сондықтан мен сізге төртінші тоқсанда атқарған ерен еңбегіңіз үшін тағы бір мәрте рақметімді айтқым келеді. Сіз – нағыз батырсыз. Сіздің қуатты қолдауыңызды сезініп отырмын. Сол себепті де ертең балаларымыздың білімін жетілдіру жолында еш кедергі болмайтынына сенемін.

Біз техникалық және моральдық қиындықтарға қарамастан барлық қолайсыздықтарды жеңе аламыз.

Бірге болсақ, күшіміз бен мүмкіндіктеріміз де арта түспек. Қиын кезеңдер өтеді де кетеді, сынаққа сынбай, болашағына сенген жігері мықты адамдар ғана бәрін жеңеді!

Жаңа оқу жылында жолыққанша!

 

Құрметпен,
А.Аймағамбетов
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Просмотров: 576
11.08.2020, 09:13:37, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар