Елена Михайловна Харченконы құттықтаймыз
[Дата публикации: 06.05.2020, 10:27:09, жариялауды: Әкімшілік]
«Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы Елена Михайловна Харченконы 6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми атағымен құттықтаймыз.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыздандыру комитеті төрағасының 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 163 бұйрығымен 6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Елена Михайловна 2005 жылы Қарағанды металлургия институтының «Металлургиялық процестерді физика-химиялық зерттеу» мамандығын бойынша жоғары білім алған.
2005-2008 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің аспирантурасында оқыған.
2013 жылы Екатеринбург қаласындағы Ресей ғылым академиясының Орал филиалының Металлургия институтында «Техногендік және қосалқы ресурстар металлургиясы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.
Оның зерттеу бағыттары мен қызығушылықтары: «Түсті металдар металлургиясы», «Металлургиялық процестердің технологиясы», «Металлургиялық өндірістер технологиясы», «Шойын өндіру теориясы мен технологиясы» және «Ғылыми зерттеулер негіздері».
Қазіргі уақытта Елена Михайловна ҚМИУ Академиялық саясат департаментінің директоры және «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы.
Біздің философия докторына (PhD) шығармашылық табыс, ғылыми жетістіктер және табыстар тілейміз!
Просмотров: 592